2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 918 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

  Рудный қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы 22 қазандағы
  № 918 қаулысына
  қосымша

2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің атауы

Қызмет түрлері

Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен)

1.

"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған жартылай стационар жағдайындағы қызметтер

18160,49


психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған жартылай стационар жағдайындағы қызметтер

10993,57


психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған жартылай стационар жағдайындағы қызметтер

18055,59


үйде күтім жасау жағдайында

2151,24

2.

Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

уақытша болу жағдайында

5502,05


Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2025 год

Постановление акимата города Рудного Костанайской области от 22 октября 2025 года № 918

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Заместителя Премьер-Министра-Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 281 "Об утверждении правил и методики формирования тарифов на специальные социальные услуги" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32987) акимат города Рудного ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить тариф на оказание специальных социальных услуг на 2025 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Рудного после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Рудного.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Рудного В. Ионенко

  Приложение
  к постановлению акимата
  города Рудного
  от 22 октября 2025 года
  № 918

Тарифы на оказание специальных социальных услуг на 2025 год

Наименование учреждения, оказывающие специальные социальные услуги

Виды услуг

Тариф на одного получателя услуг в день (в тенге)

1.

Коммунальное государственное учреждение "Рудненский территориальный центр оказания социальных услуг" акимата города Рудного государственного учреждения "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ"

в условиях полустационара детям с инвалидностью с нарушением опорно-двигательного аппарата от полутора до восемнадцати лет

18160,49


в условиях полустационара детям с инвалидностью с психоневрологическими патологиями от полутора до восемнадцати лет

10993,57


в условиях полустационара лицам с инвалидностью старше восемнадцати лет с психоневрологическими заболеваниями

18055,59


в условиях ухода на дому

2151,24

2.

Коммунальное государственное учреждение "Центр ресоциализации лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации" Рудненского городского отдела занятости и социальных программ

в условиях временного пребывания

5502,05