Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кар-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Рудный қаласы, Комсомол даңғылы, 14-16 үйлер маңы мекенжайы бойында "Қазақтелеком" АҚ қолданыстағы кабельдік құдығынан ұзындығы 102 метр кабельдік кәріз құбырын тарту мақсатында көлемі 0,6467 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |