Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2025 жылғы 30 мамырдағы | |
№ 800 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1) Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0247 гектар жер учаскесі, "Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан облыстық балалар ауруханасы ғимаратын қайта құрылымдау" жұмыс жобасы бойынша коммуналдық, инженерлік желілерді жүргізу және пайдалану үшін (сыртқы сумен жабдықтау желілері);
2) Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0151 гектар жер учаскесі, "Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан облыстық балалар ауруханасы ғимаратын қайта құрылымдау" жұмыс жобасы бойынша коммуналдық, инженерлік желілерді жүргізу және пайдалану үшін (сыртқы сумен жабдықтау желілері);
3) Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0250 гектар жер учаскесі, "Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан облыстық балалар ауруханасы ғимаратын қайта құрылымдау" жұмыс жобасы бойынша коммуналдық, инженерлік желілерді жүргізу және пайдалану үшін (сыртқы сумен жабдықтау желілері);
4) Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0082 гектар жер учаскесі, "Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан облыстық балалар ауруханасы ғимаратын қайта құрылымдау" жұмыс жобасы бойынша коммуналдық, инженерлік желілерді жүргізу және пайдалану үшін (сыртқы сумен жабдықтау желілері).