Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 157, № 158, № 159, № 160, № 161, № 162, № 163, № 164, № 165 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2025 жылғы 13 мамырдағы | |
№ 736 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1. Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 31 мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0211 гектар, канализация желісіне қызмет көрсету үшін;
2. Қостанай қаласы, 6-шағын ауданы, 106, 106 А-үй мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0271 гектар, жылумен жабдықтау желісіне қызмет көрсету үшін;
3. Қостанай қаласы, 6-шағын ауданы, 106, 106 А-үй мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0084 гектар, канализация желісіне қызмет көрсету үшін;
4. Қостанай қаласы, 6-шағын ауданы, 106, 106 А-үй мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0087 гектар, сумен жабдықтау желісіне қызмет көрсету үшін;
5. Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 31 мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0117 гектар, сумен жабдықтау желісіне қызмет көрсету үшін;
6. Қостанай қаласы, Рудненская көшесі, 100, 104, 106 және 108-үй мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0306 гектар, канализация желісіне қызмет көрсету үшін;
7. Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 31 мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0244 гектар, жылумен жабдықтау желісіне қызмет көрсету үшін;
8. Қостанай қаласы, Центральная көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0344 гектар, канализация желісіне қызмет көрсету үшін;
9. Қостанай қаласы, Центральная көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0338 гектар, сумен жабдықтау желісіне қызмет көрсету үшін.