"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымдық орталықтардың шет елдік селекцияның мініс бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларын сатып алуға cубсидиялар нормативі, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес асыл тұқымдық орталықтардың шет елдік селекцияның мініс бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларын сатып алуға бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімінің нысаны бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінең бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы 1 шілдедегі | |
№ 178 қаулысына | |
1-қосымша |
Асыл тұқымдық орталықтардың шет елдік селекцияның мініс бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларын сатып алуға субсидиялар нормативі, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімі
* сатып алу құнының 50%-на дейін, бірақ белгіленген нормативтен аспайтын мөлшері субсидияланады.
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы 1 шілдедегі | |
№ 178 қаулысына | |
2-қосымша |
Нысан
Асыл тұқымдық орталықтардың шет елдік селекцияның мініс бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларын сатып алуға бойынша субсидиялар алуға арналған өтінім
"Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" ММ
Өтінім нөмірі: _______
Өтінімнің қалыптастырылған күні: ________
1. Тауар өндірушінің атауы ______________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/заңды тұлғаның атауы)
2. Тауар өндірушінің мекенжайы:_____________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________ (облыс, аудан, қала/ауыл/көше, үй нөмірі)
3. ЖСН/БСН ______________________________________________________________
4. Банктік реквизиттер (ЖСК, Кбе, БСК): _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Шаруашылықтың есепке алу нөмірі: _______________________________________________________________________________
6. Өтінім берушінің жер учаскелері туралы мәліметтер:
Р/с | Кадастрлық нөмірі | Жалпы алаңы, га | Жер санаты | Нысаналы мақсаты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
7. Тауар өндірушінің телефон нөмірі __________________________________________
8. Сатып алынған мал басының тізімі:
Р/с № | АЖБ-дағы ЖСН-сы | Сатып алушының атына АЖБ-да тіркелген күні | САТЖАҚ-дағы тіркеу нөмірі | Сатып алушының атына САТЖАҚ-да тіркелген күні | Жасы, айы (сатып алу күніне, импорттау кезінде карантинге қою күніне) | Субсидиялар сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
9. Сатушыда (импорт кезінде) карантиндеу актісінің электрондық көшірмесі.
10. Сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі.
11. Электрондық шот-фактура (импорт кезінде талап етілмейді):
Р/с | ЭШФ беру күні | Айналым жасалған күн | ЭШФ нөмірі | Сатушының БСН | Сатушының атауы | Жалпы құны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
12. Құнның толық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ел ішінен сатып алған жағдайда: төлем тапсырмасы/банктен үзінді-көшірме/бақылау кассалық аппараттың чектері/кіріс кассалық ордер; шетелден сатып алған кезде: тауарларға арналған кедендік декларация /тауарларды әкелуге және жанама салықтарды төлеуге арналған өтініш(тер) және ақша аударуға өтініш).
13. Тиесілі субсидияның жалпы сомасы _________________________ теңге.
Өтінім берілген күннен бастап кемінде 18 (он сегіз) ай АЖБ және САТЖАҚ-та өндірушілердің айғырларының мәлімделген басының сақталуын қамтамасыз ететінімді растаймын.
Сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда, алынған субсидияларды сақталмаған мал басына қайтаруға келісемін.
Субсидияларды алу үшін қолданылған электрондық шот-фактураларды бұғаттау туралы хабардармын.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЖБ – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жануардың сәйкестендіру нөмірі;
Кбе – бенефициар коды;
САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;
ЭШФ – электрондық шот-фактура.