Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 - тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес, ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құрық ауылының 2 шағын ауданында орналасқан атаусыз көшеге Байбол Орақов көшесі болып қайта аталсын.
2. Құрық ауылы әкімінің орынбасары (Қ.Е.Айтбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауыл әкімі С.Есенкелдіұлы |