Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен "Ақтау-ГеоЭкоСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 2025 жылғы 10 ақпандағы №3126-EL Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензиясы негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтау-ГеоЭкоСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Бейнеу ауданы, "Бейнеу" кен орнынан алаңы 105,0 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2031 жылғы 10 ақпанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі Р. Шалбаев |