Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 20/253 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3665 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген шешіммен бекітілген Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
орыс тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15630 болып тіркелген) әзірленді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Байжанов |