"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы М. Уйсеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ж. Қайнарбаев |
| Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "8" желтоқсандағы №467 қаулысына қосымша |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы №153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысы.
2. "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы №153 "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 357 қаулысы.
3. "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы №153 "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 8 қазандағы №471 қаулысы.