Ескерту. 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2028 дейін қолданылады - осы шешімнің 3-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері 2026-2028 жылдарға үш жылдық кезеңге жылдар бойынша бөлінісімен абсолютті мәнде бекітілсін.
2. Қалалық және аудандық бюджеттерден облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлар көлемдері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:
1) 2026 жылға 176 267 505,0 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Бейнеу ауданынан – 1 070 808,0 мың теңге;
Қарақия ауданынан – 13 110 012,0 мың теңге;
Маңғыстау ауданынан – 3 739 195,0 мың теңге;
Мұнайлы ауданынан – 1 095 372,0 мың теңге;
Түпқараған ауданынан – 1 868 338,0 мың теңге;
Ақтау қаласынан – 120 306 600,0 мың теңге;
Жаңаөзен қаласынан – 35 077 180,0 мың теңге;
2) 2027 жылға 244 872 005,0 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Бейнеу ауданынан – 2 200 530,0 мың теңге;
Қарақия ауданынан – 20 158 895,0 мың теңге;
Маңғыстау ауданынан – 5 069 129,0 мың теңге;
Мұнайлы ауданынан – 2 470 453,0 мың теңге;
Түпқараған ауданынан – 4 366 089,0 мың теңге;
Ақтау қаласынан – 163 424 837,0 мың теңге;
Жаңаөзен қаласынан – 47 182 072,0 мың теңге;
3) 2028 жылға 323 213 178,0 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Бейнеу ауданынан –5 236 237,0 мың теңге;
Қарақия ауданынан – 26 198 946,0 мың теңге;
Маңғыстау ауданынан – 7 877 839,0 мың теңге;
Мұнайлы ауданынан – 12 432 163,0 мың теңге;
Түпқараған ауданынан – 6 080 918,0 мың теңге;
Ақтау қаласынан – 201 667 496,0 мың теңге;
Жаңаөзен қаласынан – 63 719 579,0 мың теңге.
3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.
| Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев |