Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 218 "Маңғыстау облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы" қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 1, 2 жолдары жаңа редакцияда жазылсын:
"
1 | Жалпы дәрігерлік практика |
2 | Отбасы медицинасы |
";
келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 25, 26, 27, 28 жолдарымен толықтырылсын:
"
25 | Фармация |
26 | Гигиена-эпидемиология |
27 | Стоматология |
28 | Балалар жасындағы стоматология |
".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |