"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бидайкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы №2 қорытындысы негізінде, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйтерек ауылдық округі Бидайкөл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
- атауы жоқ көшеге "Сейіт Үйсінбаев" есімі ;
- атауы жоқ көшеге "Ниязбек Қоянбаев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бәйтерек ауылдық округінің әкімі | С.Жусупов |