"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Жаңақорған кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысы негізінде Жаңақорған кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған кентіндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар:
1) атауы жоқ көшеге – Адырбай Әбдімауленовтың есімі;
2) атауы жоқ көшеге – Әбдіш Исмайловтың есімі;
3) атауы жоқ көшеге – Төлеген Ибрагимовтың есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңақорған кенті әкімі | Ж. Бейсенбеков |