"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жосалы кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы №2 Қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Жосалы кентінің атауы жоқ көшесіне Нұрғали Әлиев атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жосалы кенті әкімінің орынбасары Б. Сәденге жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жосалы кентінің әкімі | А. Досмуратов |