Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 47 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінің 9, 10-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныстар әзірленуі үшін наградтау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.
Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкімін шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.";
"10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойыша өзге тұлға тапсырады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы | Ә.Қошалақов |