"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақжарма ауылдық округінің Баймұрат батыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, Ақжарма ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжарма ауылдық округінің Баймұрат батыр ауылындағы атауы жоқ көшеге Еспенбет Мұратбаевтың есімі берілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжарма ауылдық округінің әкімі | С. Әбдіреев |