Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 531 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5580 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакция жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін.".
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы | Д. Жаналинов |
| Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 212 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы нормасы
№ | Елді мекеннің атауы | Жылу энергиясының тұтыну нормалары | Өлшем бірлігі | Мәні |
1. | Қызылорда облысы Қызылорда қаласы | Жылыту маусымында көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің нормасы | Гигакалорий | 0,0288 |
2. | Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы | Жылыту маусымында көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің нормасы | Гигакалорий | 0,0209 |
3. | Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті | Жылыту маусымында көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің нормасы | Гигакалорий | 0,0221 |