Астана қаласы әкімдігінің "Elorda Aqua" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Е.Файзулаевтың хатын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің "Elorda Aqua" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 маусымдағы №55/03 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қарағанды облысының Осакаров ауданында орналасқан Қ.И.Сәтпаев атындағы каналынан Астана қаласына су құбырын тарту үшін жер учаскесін орналастыру және пайдалану схемасына және осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шекара шегінде пайдалану үшін Астана қаласы әкімдігінің "Elorda Aqua" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге, болжамды ауданы 1153,01 гектар болатын жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
| Аудан әкімі | Р. Нурмуханбетов |
Орынд.: А. Жанарстанов