"Астана қаласы әкімдігінің "Elorda Aqua" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 55/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 120/03 қаулысы

      Астана қаласы әкімдігінің "Elorda Aqua" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Е.Файзулаевтың хатын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы әкімдігінің "Elorda Aqua" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 маусымдағы №55/03 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қарағанды облысының Осакаров ауданында орналасқан Қ.И.Сәтпаев атындағы каналынан Астана қаласына су құбырын тарту үшін жер учаскесін орналастыру және пайдалану схемасына және осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шекара шегінде пайдалану үшін Астана қаласы әкімдігінің "Elorda Aqua" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге, болжамды ауданы 1153,01 гектар болатын жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов

      Орынд.: А. Жанарстанов

О внесении изменения в постановление акимата Осакаровского района от 13 июня 2025 года № 55/03 "Об установлении публичного сервитута на земельный участок государственному коммунальному предприятию на праве хозяйственного ведения "Elorda Aqua" акимата города Астаны"

Постановление акимата Осакаровского района Карагандинской области от 25 декабря 2025 года № 120/03

      Рассмотрев письмо генерального директора государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Elorda Aqua" акимата города Астаны Е.Файзулаева, на основании Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Осакаровского района от 13 июня 2025 года №55/03 "Об установлении публичного сервитута на земельный участок государственному коммунальному предприятию на праве хозяйственного ведения "Elorda Aqua" акимата города Астаны" следующее изменение:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Установить публичный сервитут на земельный участок сроком до 31 декабря 2028 года, предполагаемой площадью 1153,01 гектар, государственному коммунальному предприятию на праве хозяйственного ведения "Elorda Aqua" акимата города Астаны для использования в целях прокладки водовода от канала имени К.И. Сатпаева до города Астаны, расположенного в Осакаровском районе Карагандинской области в пределах границ, согласно схеме размещения и эксплуатации земельных участков и приложению 1 к настоящему постановлению.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Р. Нурмуханбетов