"Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 85/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 120/қе бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 85/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті бекітілсін""

      "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрі

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 июля 2021 года № 85/қе "Об утверждении технического регламента "Общие требования к телекоммуникационному оборудованию по обеспечению проведения оперативно-розыскных мероприятий, сбора и хранения служебной информации об абонентах"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 декабря 2025 года № 120/қе

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 июля 2021 года № 85/қе "Об утверждении технического регламента "Общие требования к телекоммуникационному оборудованию по обеспечению проведения оперативно-розыскных мероприятий, сбора и хранения служебной информации об абонентах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23744) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении технического регламента "Общие требования к телекоммуникационному оборудованию по обеспечению технического проведения оперативно-розыскных, контрразведывательных мероприятий, сбора и хранения служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 1) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О техническом регулировании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемый технический регламент "Общие требования к телекоммуникационному оборудованию по обеспечению технического проведения оперативно-розыскных, контрразведывательных мероприятий, сбора и хранения служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи".";

      технический регламент "Общие требования к телекоммуникационному оборудованию по обеспечению проведения оперативно-розыскных мероприятий, сбора и хранения служебной информации об абонентах" изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Службе информации и кибербезопасности Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего приказа в электронном виде в течение пяти рабочих дней на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двенадцати месяцев со дня первого официального опубликования.

      Председатель
Комитета национальной безопасности
Республики Казахстан генерал-лейтенант
национальной безопасности
Е. Сагимбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан
________________________

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан
________________________