БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 110/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18122 болып тіркелді) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларында:
тақырыбы мынандай редакция жазылсын:
"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары";
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"ҰҚО тұрғын үй комиссияларының қызметін ұйымдастыру ақпараттық жүйе арқылы ол болған кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
"19. Ақпараттық жүйе үміткерлердің деректерін есепке алуға, сақтауға, өңдеуге және талдауға арналған және тұрғын үй комиссиясы шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты орталықтандырылған жинауды, жүйелендіруді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйеге деректерді енгізу тұрғын үй комиссиясының хатшысымен тұрғын үй комиссиясы шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
20. Ақпараттық жүйенің жұмысы ақпараттандыру және дербес деректер мен оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
21. Өз құзыреті шегінде тиісті операцияларды жүргізуге және бақылауға құқығымен ақпараттық жүйеге рұқсатты уәкілетті қызметкерге береді.
18. Ақпараттық жүйенің жұмысы мынадай функцияларды қамтиды:
1) есепке алу – үміткерлер туралы деректерді кейіннен талдау және шешім қабылдау үшін тіркеу және бекіту;
2) деректерді сақтау – дербес және қызметтік ақпараттың құпиялығы мен қорғалуын қамтамасыз ете отырып, оны қауіпсіз және ұзақ уақыт сақтау;
3) деректерді өңдеу – қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлерден келіп түскен деректерді автоматтандырылған түрде тексеру, сұрыптау және құрылымдау;
4) деректерді талдау – тұрғын үй комиссиясының шешімдерін дайындау және есеп жасау үшін ақпаратты автоматты түрде бағалау, салыстыру және жалпылау;
5) орталықтандырылған жинау – ұсынылған құжаттарда көрсетілген деректерді бірыңғай құрылымды жиынына орталықтандырылған қабылдауды және біріктіруді қамтамасыз ету;
6) ақпаратты жүйелендіру – келіп түскен деректерді анықтау белгілері (санаты, мәртебесі, мерзімі, кезектілігі) бойынша реттеу және жіктеу, кейіннен өңдеуге және талдауға дайындау.".
2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е. Сағымбаев |