ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап күшіне енгізіледі.
2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұқар жырау ауданыныда оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін есепті салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Мәслихат төрағасы | А. Әли |