Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабының 1-тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай ауданы бойынша 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына 1 (бір) шаршы метр үшін 60 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай аудандық мәслихатының төрағасы | Д.Сакенов |