Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашасындағы № 66/02 "Абай ауданы бойынша коммуналдық көрсетілген қызметтерді ұсыну және тұтыну қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 161187 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушысы | Е. Аскаров |