Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шахтинск қаласының және іргелес кенттердің жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 66/06 "Шахтинск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 55/01 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымының схемасын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |
| Шахтинск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 12/07 қаулысына қосымша |
Шахтинск қаласының және іргелес кенттердің жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы

