Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1-тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Саран қаласының аумағында орналасқан жалпы алаңы 6,88 га жер учаскелеріне мыналарды төсеу үшін:
орташа қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 6,0 км, құрылыс жолағының ені 4 м, алаңы 2,4 га;
төмен қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 28,118 км, құрылыс жолағының ені 4 м, алаңы 11,2 га;
шкафты бөлу пункті - 39 бірлік, алаңы 0,008 га жер учаскесіне 5 (бес) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін;
2. "Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы рның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Саран қаласының әкімі | Д. Бұлқайыр |