Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №49/01 "Балқаш қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.
Балқаш қаласының әкімі | С. Сатаев |