Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне инфрақұрылымды (әуе электр беру желісі) жүргізу мен пайдалану үшін, Балқаш қаласы, қаланың солтүстігінде орналасқан, ауданы 102 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).
3. "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласы әкімінің міндетін атқарушы | Р. Сыздыков |