Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің "2025 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" 2025 жылғы 16 мамырдағы № 27/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 210483 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 37/08 қаулысына 1-қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 27/01 қаулысына 1-қосымша |
2025 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі
№ | Басым дақылдар атауы |
1 | Күнбағыс |
2 | Зығыр |
3 | Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөніс |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 37/08 қаулысына 2-қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 27/01 қаулысына 2-қосымша |
2025 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым дақылдар атауы | Өлшем бірлігі тонна, гектар | Субсидия нормасы, теңге |
1 | Күнбағыс | тонна | 25 000 |
2 | Зығыр | тонна | 5 800 |
3 | Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөніс | гектар | 8 327 943 |