"Қарағанды облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесі туралы Ережені бекiту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 34/06 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына, "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын өзгерту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі №22/11 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 08 тамыздағы №55/07 "Қарағанды облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту", 2023 жылғы 22 қыркүйектегі №68/02 "Қарағанды облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулыларының күші жойылсын.

      3. "Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы 23 маусымдағы
№ 34/06
қаулысына қосымша

"Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға бағдарланған стратегиялық, бюджеттік, мемлекеттік жоспарлау, өңірлік даму салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымы бар: "Қарағанды облысының өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: M01G2C4, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Әлиханов көшесі, 13 құрылыс.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының, мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен бюджеттік жоспарлаудың басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында Қарағанды облысының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуде салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      2) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу:

      стратегиялық, мемлекеттік жоспарлау және Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру;

      өңірлік даму (қалалар, аудандар);

      салық-бюджет саясаты;

      бюджеттік инвестициялық саясат;

      3) бюджеттік жоспарлау бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде:

      облыс бюджетінің, облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін қалыптастыру;

      жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің параметрлерін қалыптастыру;

      бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру;

      облыстық бюджет пен аудандар мен қалалар бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастарды реттеу;

      бюджет шығыстарының негізділігін талдау;

      4) Қарағанды облысын өңірлік дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру;

      5) ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      Басқарманың құзыретіне кіретін, оның ішінде Қарағанды облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыруға бағытталған мәселелер бойынша Қарағанды облысының әкіміне ұсыныстар енгізуге;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкім өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын белгіленген тәртіппен енгізуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап арызбен жүгінуге;

      өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыруға;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындауға;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.

      14. Функциялары:

      1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басшылық және әдістемелік құжаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауын және т.б. ескере отырып, Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және облыстың даму жоспарын әзірлеу;

      2) облыстың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, мониторингілеу және талдау;

      3) облыстың даму жоспарын іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау;

      4) облыстың даму жоспарын іске асырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізілмеген жағдайда себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      5) облыстың даму жоспарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстардың іске асырылуын ұйымдастыру;

      6) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      7) кешенді даму жоспарларының іске асырылуын түзету, талдау және мониторинг бойынша ұсыныстар әзірлеу, енгізу;

      8) қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу бойынша талдау және ұсыныстар енгізу;

      9) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларын орындау, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, реформаларды тиімді іске асыруды жалғастыру және т.б. мақсатында әзірленген құжаттардың іске асырылуын мониторингілеу;

      10) Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын және орнықты даму мақсаттарын жақсарту жөніндегі іс-шараларды мониторингілеу;

      11) азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы көрсетілетін қызметтерге тұтыну бағаларының индексін талдау, мониторингілеу (облыс бойынша, қалалар мен аудандар бөлінісінде);

      12) азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы көрсетілетін қызметтерге тұтыну бағалары индексінің жоспарлы және/немесе орташа республикалық көрсеткіштерден жоғары өсуіне жол бермеу шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      13) барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері барысында көтерілетін және Үкімет деңгейінде шешілетін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      14) Қарағанды облысы аудандары әкімдіктерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылған даму әлеуеті бар ауылдардың (тірек және спутниктік) тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келісуге және облыс әкімдігінің қарауына енгізу;

      15) Қарағанды облысының елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      16) Қарағанды облысының шағын және моноқалаларын дамыту жөніндегі іс-шаралардың және "Ауыл-Ел бесігі" жобасының іске асырылуын мониторингілеу;

      17) облыстың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және мониторинг, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органға мониторинг қорытындыларын ұсыну;

      18) Қарағанды облысының әкімдігі мен жүйе құраушы ірі кәсіпорындар арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімдер мен Меморандумдарды қалыптастыру және олардың орындалуын мониторингілеу;

      19) "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша қаражатты аудандардың кіріс кодтарына аудару туралы Қарағанды облысы әкімінің өкімін дайындау;

      20) облыстың, Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау және мониторингілеу;

      21) облыстың, Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспарлы және/немесе орташа республикалық көрсеткіштерден төмен төмендеуіне жол бермеу шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      22) жетекшілік ететін бағыттар бойынша облыс әкімдігінің отырыстарына материалдар дайындау;

      23) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастыру және бекіту;

      24) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының экономикалық қорытындыларын дайындауды қамтамасыз ету;

      25) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      26) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаны айқындау туралы ұсыныстар енгізу;

      27) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізу;

      28) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингі бойынша жиынтық есепті уәкілетті орталық мемлекеттік органға жіберу;

      29) үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет пен аудандар мен қалалар бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау;

      30) үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттің және аудандар мен қалалар бюджеттерінің кіріс бөлігін болжау;

      31) облыстық бюджеттің кіріс бөлігінің және облыс бюджетінің түсімдерін бағалауды жүргізу;

      32) үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының, облыстық бюджет бойынша жаңа бастамаларға арналған шығыстардың лимиттерін айқындау;

      33) үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджетті қалыптастыру және бекіту;

      34) облыстық бюджетті нақтылау және түзету бойынша материалдар дайындау;

      35) инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындылар дайындау;

      36) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын бюджеттік сұрау салуларды, оның ішінде олардың негізділігі мен қажеттілігі тұрғысынан қарау;

      37) тиісті іс-шаралардың орындылығы мен өзектілігі тұрғысынан облыстық бюджет шығыстарына шолу жүргізу;

      38) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін бюджеттік паспорттардың жобаларын келісу;

      39) облыстық мәслихат сессиялары шешімдерінің, Қарағанды облысы әкімдігі қаулыларының, комиссиялар хаттамаларының және Қарағанды облысы әкімі өкімдерінің жобаларын:

      - облыстық бюджетті бекіту, нақтылау және түзету;

      - Облыстық бюджет комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту;

      - мемлекеттік инвестициялық жобаға экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;

      40) бюджетті жоспарлау сатысында Азаматтық бюджетті жасау және жариялау;

      41) қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстық бюджетті бекіту және нақтылау және басқа да мәселелер бойынша Облыстық бюджет комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;

      42) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттік инвестицияларды іске асыру және бағалау мониторингі бойынша есептер дайындау;

      43) Басқарма қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдайлар жасау;

      44) жетекшілік ететін салалар бойынша басқару жөніндегі жиынтық ашық деректерді ашық Үкіметтің интернет-порталдарында және Басқарманың ресми интернет-ресурсында орналастыру және өзектендіруді қамтамасыз ету;

      45) мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;

      2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Басқарманың құрылымын және бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      4) өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;

      7) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

      8) Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление экономики и бюджетного планирования Карагандинской области"

Постановление акимата Карагандинской области от 23 июня 2025 года № 34/06

      В соответствии с законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года №590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", постановлением акимата Карагандинской области от 11 апреля 2025 года №22/11 "Об изменении структуры местного государственного управления Карагандинской области" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление экономики и бюджетного планирования Карагандинской области", согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Отменить постановления акимата Карагандинской области от 08 августа 2023 года №55/07 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление экономики Карагандинской области", от 22 сентября 2023 года №68/02 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление финансов Карагандинской области".

      3. Государственному учреждению "Управление экономики и бюджетного планирования Карагандинской области" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня его подписания.

      Аким Карагандинской области Е. Булекпаев

  Приложение
к постановлению
акимата Карагандинской области
от 23 июня 2025 года
№ 34/06

Положение государственного учреждения "Управление экономики и бюджетного планирования Карагандинской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление экономики и бюджетного планирования Карагандинской области" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах стратегического, бюджетного, государственного планирования, регионального развития, ориентированных на реализацию приоритетных задач социально-экономического развития Карагандинской области, государственно-частного партнерства.

      2. Управление имеет подведомственную организацию: Акционерное общество "Региональный центр государственно- частного партнерства Карагандинской области".

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет символы и знаки отличия (при их наличии), печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление экономики и бюджетного планирования Карагандинской области" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: M01G2C4, Республика Казахстан, Карагандинская область, город Караганда, район имени Казыбек би, ул. Алиханова, строение 13.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      12. Задачи:

      1) осуществление межотраслевой и межрегиональной координации в разработке основных направлений государственной социально-экономической политики Карагандинской области с целью формирования целостной и эффективной системы государственного планирования, ориентированной на достижение стратегических целей и реализацию приоритетных задач социально-экономического развития Карагандинской области, государственно-частного партнерства и бюджетного планирования;

      2) выработка предложений по формированию государственной политики в сфере:

      стратегического, государственного планирования и формирования основных приоритетов социально-экономического развития Карагандинской области;

      регионального развития (города, районы);

      налогово-бюджетной политики;

      бюджетной инвестиционной политики;

      3) выработка предложений по бюджетному планированию, в том числе в части:

      формирования доходной и расходной части бюджета области, областного бюджета;

      формирования параметров областного бюджета на плановый период;

      формирования перечня бюджетных инвестиций;

      регулирования межбюджетных отношений между областным бюджетом и бюджетами районов и городов;

      анализ обоснованности бюджетных расходов;

      4) реализация государственной политики регионального развития Карагандинской области;

      5) выработка предложений и реализация проектов государственно-частного партнерства.

      13. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать и получать от государственных органов и организаций необходимые документы, информацию и материалы, для осуществления возложенных на него функций в объеме, предусмотренном действующим законодательством Республики Казахстан;

      вносить предложения акиму Карагандинской области по вопросам, входящим в компетенцию Управления, в том числе направленных на повышение эффективности функционирования структурных подразделений акимата Карагандинской области и подведомственных предприятий и организаций, а также повышения эффективности бюджетных затрат;

      вносить в установленном порядке проекты постановлений акимата, распоряжений акима и решений Маслихата по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      обращаться с иском в суд в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      осуществлять управление переданным ему имуществом;

      осуществлять иные права, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан;

      2) обязанности:

      соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан;

      осуществлять реализацию государственной политики, в пределах своей компетенции;

      в пределах своей компетенции исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан, уполномоченных государственных органов, а также акима и акимата области;

      принимать меры по недопущению совершения коррупционных правонарушений и преступлений;

      осуществлять иные обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      14. Функции:

      1) разработка прогноза социально-экономического развития Карагандинской области и плана развития области с учетом руководящих и методических документов Системы государственного планирования, ежегодного послания Президента Республики Казахстан и т.д.

      2) разработка, мониторинг и анализ плана мероприятий по реализации плана развития области;

      3) оценка эффективности деятельности местных исполнительных органов в рамках реализации плана развития области;

      4) выработка предложений по устранению причин и условий, в случае недостижения ожидаемых результатов реализации плана развития области;

      5) организация реализации рекомендаций и предложений, направленных на повышение результативности и эффективности деятельности местных исполнительных органов по достижению стратегических целей плана развития области;

      6) выработка предложений по совершенствованию системы государственного планирования;

      7) разработка, внесение предложений по корректировке, анализу и мониторингу реализации комплексных планов развития;

      8) анализ и внесение предложений по решению проблемных вопросов, возникающих при реализации поставленных стратегических целей и задач;

      9) мониторинг реализации документов, разработанных во исполнение ежегодных посланий Президента Республики Казахстан, обеспечения экономической и социальной стабильности, продолжения эффективной реализации реформ и т.д.;

      10) мониторинг мероприятий по улучшению индикаторов глобального индекса конкурентоспособности Всемирного экономического форума и целей устойчивого развития;

      11) анализ, мониторинг индекса потребительских цен на продовольственные, непродовольственные товары и платные услуги (по области, в разрезе городов и районов);

      12) выработка предложений по мерам недопущения роста индекса потребительских цен на продовольственные, непродовольственные товары и платные услуги выше плановых и/или среднереспубликанских показателей;

      13) проведение анализа и выработка предложений по решению системных проблем, поднимаемых в ходе отчетных встреч акимов всех уровней и решаемых на уровне Правительства;

      14) внесение на согласование в уполномоченный орган по государственному планированию и на рассмотрение акимата области перечня сел с потенциалом развития (опорные и спутниковые), сформированных на основании предложений акиматов районов Карагандинской области;

      15) выработка предложений по совершенствованию административно- территориального устройства населенных пунктов Карагандинской области;

      16) мониторинг реализации мероприятий по развитию малых и моногородов Карагандинской области и проекта "Ауыл-Ел бесігі";

      17) анализ и мониторинг социально-экономического развития сельских населенных пунктов области, представление итогов мониторинга в центральный государственный орган по государственному планированию;

      18) формирование и мониторинг исполнения Соглашений и Меморандумов о взаимном сотрудничестве между акиматом Карагандинской области и крупными системообразующими предприятиями;

      19) подготовка распоряжения акима Карагандинской области о перечислении средств на коды доходов районов по проекту "С дипломом в село";

      20) анализ и мониторинг показателей социально-экономического развития области, городов и районов Карагандинской области;

      21) выработка предложений по мерам недопущения снижения показателей социально-экономического развития области, городов и районов Карагандинской области ниже плановых и/или среднереспубликанских показателей;

      22) подготовка материалов на заседания акимата области по курируемым направлениям;

      23) формирование и утверждение перечня социально-экономических задач для формирования предложений по реализации проектов государственно-частного партнерства;

      24) обеспечение подготовки экономических заключений проектов государственно-частного партнерства;

      25) осуществление мониторинга реализации договоров государственно-частного партнерства и реализации проектов государственно-частного партнерства;

      26) внесение предложений об определении юридического лица по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства;

      27) ведение реестра заключенных договоров государственно-частного партнерства;

      28) направление сводного отчета по мониторингу реализации местных проектов государственно-частного партнерства в уполномоченный центральный государственный орган;

      29) определение объемов трансфертов общего характера между областным бюджетом и бюджетами районов и городов на трехлетний период;

      30) прогнозирование доходной части областного бюджета и бюджетов районов и городов на трехлетний период;

      31) проведение расчетов оценки поступлений доходной части областного бюджета и бюджета области;

      32) определение лимитов расходов администраторов бюджетных программ, расходов на новые инициативы по областному бюджету на трехлетний период;

      33) формирование и утверждение областного бюджета на трехлетний период;

      34) подготовка материалов по уточнению и корректировке областного бюджета;

      35) подготовка экономических заключений на инвестиционные предложения;

      36) рассмотрение бюджетных запросов, представляемых администраторами бюджетных программ, в том числе на предмет их обоснованности и необходимости;

      37) проведение обзора расходов областного бюджета на предмет целесообразности и актуальности соответствующих мероприятий;

      38) согласование проектов бюджетных паспортов, утверждаемых администраторами бюджетных программ;

      39) разработка проектов решений сессий областного маслихата, постановлений акимата Карагандинской области, протоколов комиссий и распоряжений акима Карагандинской области в части:

      - утверждения, уточнения и корректировки областного бюджета;

      - утверждения состава и положения Областной бюджетной комиссии;

      - обеспечения проведения экономической экспертизы на государственный инвестиционный проект;

      40) составление и публикация Гражданского бюджета на стадии планирования бюджета;

      41) обеспечение деятельности Областной бюджетной комиссии по утверждению и уточнению областного бюджета и другим вопросам согласно действующему законодательству;

      42) подготовка отчетов по мониторингу реализации и оценки местных бюджетных инвестиционных проектов и бюджетных инвестиций;

      43) создание условий для повышения цифровой грамотности сотрудников Управления;

      44) размещение и обеспечение актуализации сводных открытых данных по управлению по курируемым сферам на интернет-порталах открытого Правительства и на официальном интернет-ресурсе Управления;

      45) осуществление проектного управления в деятельности государственного органа.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      15. Руководство Управлением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      16. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) определяет обязанности и полномочия работников Управления в соответствии с действующим законодательством;

      2) в соответствии с законодательством назначает и освобождает от должности работников Управления;

      3) утверждает структуру и положения об отделах Управления;

      4) издает приказы и дает указания в пределах своих полномочий;

      5) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников;

      6) принимает меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;

      7) представляет Управление в государственных органах и иных организациях;

      8) исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      19. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Имущество государственного органа

      20. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности.

      22. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.