Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 440, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 759/НҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 446, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі – Премьер-Министрінің орынбасарының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучер беру" қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы" 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 107 бірлескен бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. В. Склярдың 2025 жылғы 25 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучер беру нормаларын осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 32/01 қаулысына қосымша |
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучер беру нормасы
№ | Тауарлық газ тұтыну сипаттамасы | Жылыту маусымындағы айлық норма, м³ | Жылыту маусымынан тыс кезеңдегі айлық норма, м³ |
1. | Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар тұрмыстық шаруашылық | 880 | 148 |
Аббревиатураларды толық жазылуы:
м³ – текше куб;