Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 33 "Медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6384-09 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Кобжанов |
| Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 350 шешіміне қосымша |
|
| Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 33 шешіміне қосымша |
Қарағанды облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қарағанды облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі (ары қарай - Тәртіп) ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау тәртібін, сондай-ақ қаржыландыру және төлем төлеуді айқындайды.
2. Негізгі ұғымдар:
1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
2) жұмыс беруші - медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;
3) ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар, медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті орган жұмыс істеу үшін ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жіберген жеке тұлғалар.
3. Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) – Қарағанды облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерімен еңбек шартын және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасаса отырып, ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жіберілетін мамандық бойынша лауазымында толық (1,0) мөлшерлемемен кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек.
4. Ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай мөлшерде әлеуметтік қолдау көрсетіледі:
акушер-гинеколог дәрігері, педиатр дәрігері, жалпы практика дәрігері, анестезиолог-реаниматолог дәрігері (ересектер мен балалар), - 8 500 000 (бес миллион) теңге;
кардиолог дәрігері, кардиолог дәрігері (интервенциялық), терапевт дәрігері, нейрохирург дәрігері, рентгенолог дәрігері, реабилитолог дәрігері, неонатолог дәрігері - 5 000 000 (бес миллион) теңге;
хирург дәрігері, невропатолог дәрігері, офтальмолог дәрігері - 3 000 000 (үш миллион) теңге;
акушер, фармацевт, медбике, фельдшер - 1 500 000 (бір жарым миллион) теңге.
5. Әлеуметтік қолдау алуға мамандығы бойынша 5 (бес) жылға дейін нақты жұмыс өтілі бар жас маман немесе шақырылған қызметкер құқылы.
6. Уәкілетті орган ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жіберілген әлеуметтік қолдау алуға үміткер болатын тұлғалар үшін конкурс өткізеді.
7. Уәкілетті органға ұсынылатын өтініш, құжаттар (жеке куәліктің көшірмесі, жоғары немесе орта білім туралы дипломның көшірмесі, маман сертификаты, еңбек кітапшасының не қызметкердің еңбек өтілін растайтын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымға жұмысқа қабылданғаны туралы өзге құжаттың көшірмесі, есеп айырысу шотының нөмірі көрсетілген банктен үзінді көшірме) ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Шешім Уәкілетті органның хаттамасымен ресімделеді
8. Қарағанды облысының ауылдық жерлерінде және кенттерінде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларында тұратын және жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілмейді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс істеуден босатылатын адамдарға берілмейді.
9. Қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету облыстық бюджет қаражаты есебінен оның дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырылады және уәкілетті органның хаттамасы негізінде төленеді.
2. Әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау тәртібі
10. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.
11. Уәкілетті орган қызметкерді өндірістік қажеттілікке байланысты ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, ауылдық жерлерде және кенттерде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымдар арасында қызметкерге әлеуметтік қолдау алу құқығы сақталады.
Мұндай жағдайда басқа ауылдық жерде орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымға ауысқаны үшін әлеуметтік қолдау қайтадан көрсетілмейді.
12. Қызметкердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен талап арыз беру жолымен қызметкерге бұрын аударылған бюджет қаражатын толық көлемде облыстық бюджеттің кірісіне қайтару бойынша шаралар қабылдайды.
Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, қызметкер бұрын аударылған ақшалай қаражатты 3 жұмыс күні ішінде қайтаруды жүзеге асырады.
13. Жұмыс беруші еңбек шарты бұзылған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
14. Осы тәртіптің орындалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.