Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 293-НҚ бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 251 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлуді іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылына арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу (бұдан әрі – бөлу) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары "Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6936 болып тіркелген) тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларында қарастырылған қаражаттар шегінде қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын төлеуді жүзеге асырсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2025 жылғы 24 маусымдағы
№ 293-НҚ бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы

Стипендия

Студенттерге

Магистранттарға

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

4

0

2.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

10

0

3.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

3

1

Барлығы:

17

1


О распределении стипендии Президента Республики Казахстан между организациями высшего и (или) послевузовского образования на 2025 год

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 24 июня 2025 года № 293-НҚ

      В соответствии с пунктом 4 постановления Президента Республики Казахстан от 5 марта 1993 года № 1134 "Об учреждении стипендии Президента Республики Казахстан", а также в целях реализации распределения стипендии Президента Республики Казахстан между министерствами на 2025 год, утвержденного приказом Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 16 мая 2025 года № 251 "О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2025 год" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить распределение стипендии Президента Республики Казахстан между организациями высшего и (или) послевузовского образования на 2025 год (далее – распределение) согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту образования и науки Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

      3. Организациям высшего и (или) послевузовского образования Министерства культуры и информации Республики Казахстан осуществить выплату стипендии Президента Республики Казахстан согласно прилагаемого распределения в пределах средств, предусмотренных в планах финансирования на соответствующий финансовый год, в соответствии с правилами назначения стипендий, учрежденных Президентом Республики Казахстан, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 136 "Об утверждении Правил назначения стипендий, учрежденных Президентом Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6936).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

  Приложение
к приказу Министра
культуры и информации
Республики Казахстан
от 24 июня 2025 года № 293-НҚ

Распределение стипендии Президента Республики Казахстан между организациями высшего и (или) послевузовского образования на 2025 год

Наименование организаций высшего и (или) послевузовского образования

Стипендия

Студентам

Магистрантам

1.

Республиканское государственное учреждение "Казахская национальная консерватория имени Курмангазы" Министерства культуры и информации Республики Казахстан

4

0

2.

Республиканское государственное учреждение "Казахский национальный университет искусств имени Күләш Байсейітовой" Министерства культуры и информации Республики Казахстан

10

0

3.

Республиканское государственное учреждение "Казахская национальная академия искусств имени Темирбека Жургенова" Министерства культуры и информации Республики Казахстан

3

1

Итого:

17

1