"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 22-бабының 2-2-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже);
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Ереженің 15-тармағының 30) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) Ереженің 15-тармағының 6) және 7) тармақшаларын тоқтата тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"6) инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептердің нысанын әзірлеу;
7) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі актісінің нысанын белгілеу;";
2) Ереженің 15-тармағының 14) және 15) тармақшаларын тоқтата тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"14) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;
15) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;
3) Ереженің 15-тармағының 17) тармақшасын тоқтата тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"17) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша мемлекеттік заттай гранттарды инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз беру;
4) Ереженің 15-тармағының 19), 20), 21), және 22) тармақшаларын тоқтата тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
"19) инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
20) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;
21) инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу;
22) инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;".
|
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Е. Көшербаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің |
|
| 2025 жылғы 23 қазандағы № 11-1-4/622 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру салаларында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтың қатынастарға түседі.
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.
9. Комитеттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілде - реcпубликанское государственное учреждение "Комитет по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан".
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау нысанасында Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңнамалық актілерде берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
13. Міндеті: инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру, инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингілеу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету.
14. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Комитет:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығаруға;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізуге;
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру бойынша ұсыныстар енгізуге;
6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды таратуға;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Комитет:
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
4) сауал түскен жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынуға;
5) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
15. Функциялары:
1) басым жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
2) шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту мәселелері бойынша шетелде іс-шаралар ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жәрдемдесу;
3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қатарынан консультанттар мен сарапшылар тарту;
4) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру;
5) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiмге қоса берілетін инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарды әзірлеу;
6) жеңілдетілген инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептердің нысанын әзірлеу;
7) жеңілдетілген инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі актісінің нысанын белгілеу;
8) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру тәртібін әзірлеу;
9) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмінің нысанын әзірлеу;
10) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін әзірлеу;
11) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингілеуді жүзеге асыру;
12) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
13) бірлескен өндірістерді құру үшін инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;
14) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;
15) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;
16) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету;
17) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша мемлекеттік заттай гранттарды инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз беру;
18) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау;
19) жеңілдетілген инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
20) жеңілдетілген инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, жеңілдетілген инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;
21) жеңілдетілген инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу;
22) жеңілдетілген инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;
23) инвестициялар туралы жасалған келісімдер және мұндай келісімдердің бұзылуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мерзімде және нысандар бойынша өзге де мәліметтерді салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беру;
24) инвесторлар үшін "бір терезе" ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасасу тәртібін әзірлеу;
25) инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау тәртібін әзірлеу;
26) инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданылуын тоқтату тәртібін және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу;
27) ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру туралы шешім қабылдау;
28) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін әзірлеу;
29) инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу тәртібін әзірлеу;
30) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен, салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша инвестициялар туралы келісім шеңберінде салықтар жөніндегі инвестициялық преференциялар мерзімін қолдану тәртібін әзірлеу.
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
16. Комитетті басқаруды Төраға жүзеге асырады, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапкершілікте болады.
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар ұсынады;
3) Министрлік Аппаратының басшысына біліктілікті арттыру, Комитет персоналын көтермелеу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) Комитет персоналын іссапарға жіберу мәселесі бойынша жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына ұсыныстар енгізеді;
5) Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану және алып тастау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне ұсыныстар енгізеді;
6) өзінің құзыреті шегінде Комитет басқару органы болып табылатын Комитет және ұйымдар қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан шығады;
8) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған шараларды қабылдау бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді
10) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;
11) заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ол болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитет мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) қалыптастырылады.
22. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығармайды немесе оған өзге де жолмен билік етпейді.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
| Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 11-1-4/622 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығы.
2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 11-1-4/336 бұйрығы.
3. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 11-1-4/263 бұйрығы.