"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 336) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтерге бағалар белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Мәдиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 296/НҚ бұйрығымен Бекітілген |
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтердің бағалары
Р/с | Көрсетілетін қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | ҚҚС-ты есепке алмағанда қызмет құны, теңге |
1. | "Әлеуметтік әмиян" ақпараттық жүйесін сүйемелдеу бойынша ақпараттық-коммуникациялық платформаны ұсыну жөніндегі қызметтер: | ||
1.1 | 1 (бір) рецепт беру сервисінің қызметтеріне арналған шығыстар | Дана | 21.60 |
1.2 | 1 (бір) оқушының ыстық тамақ сервисі қызметтеріне арналған шығыстар | Дана | 153.14 |