Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 125-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. Исабаев |
| Жетісу облысы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "__" ________ | |
| № __ қаулысына қосымша |
Жетісу облысының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар
№ | Су объектісінің атауы | Халықтың жаппай демалу орындары | Елді мекен | Ескертпе |
Талдықорған қаласы | ||||
1 | Қаратал өзені | Қалалық жағажай | Талдықорған қаласы |
Мемлекеттік |
Алакөл ауданы | ||||
2 | Алакөл көлі | Алакөл көлі жағалауының жағажайлары | Ақши ауылы |
Мемлекеттік |
3 | Алакөл көлі | Алакөл көлі жағалауының жағажайлары | Көктұма ауылы |
Мемлекеттік |
Сарқан ауданы | ||||
4 | Балқаш көлі | Балқаш көлі жағалауының жағажайлары | Лепсі ауылы |
Мемлекеттік |