БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26752 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтерге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде салынған мектептерді басқару (оқу-тәрбие процесін әдіснамалық және мазмұнды сүйемелдеу, оның ішінде оны цифрландыру, басшылар лауазымына конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы, білім беру қызметін зерделеу және талдау, білім алушылардың оқу жетістіктерін қорытынды бағалау және мониторингтеу, мектептерді аккредиттеуді ұйымдастыру). |
";
мазмұндағы реттік нөмірлері 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, және 17 жолдармен толықтырылсын:
"
10. | Білім беру және пәнаралық ғылымдар саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, оның ішінде мониторингтік зерттеулерді, сондай-ақ білім беру және ғылым жүйесінің жай-күйі мен дамуын талдау. |
11. | Білім және ғылым саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асыруда ғылыми-әдістемелік кеңес беру. |
12. | Орта білім беру саласында қосымша білім беру бағдарламаларының, ғылыми-әдістемелік кешендердің жобаларын, тәрбие, оқыту және оқыту технологияларын, оқу жоспарларын, бағдарламаларды, оның ішінде оқулықтар авторларын оқыту мен әдіскерлердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік өнімдердің басқа да түрлерін әзірлеу. |
13. | Шетелдік білім және ғылым мекемелерін, зерттеу агенттіктері мен қорларын қоса алғанда, ғылыми-зерттеу орталықтары мен басқа да ұйымдардың мемлекеттік білім беру саясатын, білім және ғылым саласындағы Халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда конференциялар ұйымдастыру. |
14. | Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесіне цифрлық білім беру технологияларын енгізу бойынша ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік ресурстарды әзірлеу. |
15. | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлеріндегі өңірлік әдістемелік орталықтарды (кабинеттерді) қоса алғанда, білім беру мекемелерінің қызметін реттеу |
16. | Білім берудің әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етілуі мен оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын талқылау және түсіндіру бойынша ғылыми-білім беру және оқу іс-шараларын (конференциялар, форумдар, семинарлар, курстар) өткізу. |
17. | Ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу, шығару және тарату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет. |
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі