БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмінде (бұдан әрі – Алгоритм):
3-тармақ мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
"21) қатысудың электрондық табелі – мектепке дейінгі ұйымға баруы және бармауы, бармау себептері, растайтын құжаттар, төлеуге есептелген сомалар туралы деректерді, келісу және бекіту процесі туралы мәліметтерді, сондай-ақ ваучер ұстаушылардың қатысуын есепке алуға байланысты өзге де ақпарат пен құжаттарды жинақтайтын және сақтайтын ақпараттандыру объектісінің модулінде ваучер ұстаушының МДҰ-ға күнделікті келуін көрсететін цифрлық құжат;";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Ваучерлерді астанада, республикалық маңызы бар немесе облыстық маңызы бар қалаларда бөлу кезінде итерация бүкіл қала бойынша жүреді.
Облыс аудандарында ваучерлерді бөлу кезінде бірыңғай итерация облыс ауданының барлық елді мекендері бойынша кезекті қамту арқылы жүреді. Бұл ретте елді мекендегі МДҰ-да бос орындар болмаған жағдайда аталған елді мекен бірыңғай итерацияға қатыспайды. Елді мекендердің аудан бойынша бірыңғай итерациядағы кезектілігі кезектегі өтініштердің ең аз санынан кезектегі өтініштердің ең көп санына қарай түзіледі. Кезектегі өтініштер саны тең болған кезде аудан бойынша бірыңғай итерациядағы елді мекендердің реттілігі МДҰ-ның ең аз санынан ең көп санына қарай құрылады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Ұсынылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша білім беруді басқару органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарламаны МДҰ-ға жібереді:
1) МДҰ өтініші Алгоритмге 10-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес келмейді және (немесе) толтырылмаған не ішінара толтырылған;
2) электрондық форматта ұсынылған құжаттар Алгоритмнің 31-тармағының бірінші абзацының талаптарына сәйкес келмеуін және жарамсыздығын қоса алғанда, Алгоритмнің 31-32 тармақтарында көзделген құжаттардың сәйкес келмеуі, жарамсыздығы немесе жоқ болуы;
3) МДҰ-ның ҰБДҚ-да тіркелмегені.
Хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде МДҰ ақпараттандыру объектісінде осы Алгоритмге сәйкес келтірілген өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қайта ұсынады. Белгіленген мерзімде МДҰ өтініші оған қоса берілген құжаттарымен бірге ұсынылмаған жағдайда, білім беруді басқару органы МДҰ-ға негізделген және дәлелді бас тарту жібереді.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Пилоттық жоба аясында 3-қосымшаның 1-бөліміне сәйкес облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыс аудандарында білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру оның қатысушыларының мынадай дәйекті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады (қажет болған жағдайда білім басқармасы мен Оператордың бірлескен шешімі бойынша 49-1 тармақ қолданылады:
білім беруді басқару органы:
1) Алгоритмге сәйкес:
пилоттық жобаны іске асыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін;
Қызмет көрсетушілердің тізбесі мен ваучер ұстаушылардың тізімін қалыптастырады;
2) Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі мен Қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекіту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін және ата-аналық төлемінің рұқсат етілегн ең жоғары мөлшері, оның ішінде қосымша қызметтер үшін, тамақтану үшін және өзгерістер енгізу кезінде операторға ұсынып, бір уақытта бекітеді;
3) операторды Пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, оның ішінде:
ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табельдерін МДҰ деректерімен салыстыру мақсатында тиісті ақпараттандыру объектісіне тұрақты қолжетімділікті (логин және құпия сөз);
тиісті қаржы жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының білім беруді басқару органы қалыптастырған көлемі шегінде оператор қаржыландыруға берген өтінішке сәйкес көлемде және мерзімдерде бюджет қаражатымен қамтамасыз етеді;
қызмет көрсетушілердің өзекті тізбесін және қызмет алушылардың тізімін, оның ішінде ақпараттандыру объектісі арқылы, сондай-ақ оларға барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды уақтылы жібереді;
4) Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде оператордың қосылу шартына қосылған МДҰ-мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының сомасын азайту және мерзімін қысқарту туралы қосымша келісімдерді мемлекеттік сатып алу веб-порталында бұзу немесе жасасу жөнінде шаралар қабылдайды, білім беруді басқару органы Тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік сатып алу веб-порталында жоғарыда көрсетілген шарттарға қосымша келісімдердің бұзылуына немесе жасалуына байланысты осындай МДҰ қандай да бір айыппұл санкцияларын қолданбайды;
5) ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табелінде көрсетілген ақпаратты растау мақсатында қызмет алушылар ұсынған құжаттарды тексереді;
6) оператордың хабарламасы бойынша, Алгоритмнің 41-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталған кезде МДҰ-ны Қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастайды;
7) ақпараттандыру объектісі арқылы қызмет алушылардың, екінші деңгейдегі банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қосылу шартының талаптарымен келісуін қамтамасыз етеді;
оператор:
1) Қызмет көрсетушілер тізбесін және ваучер ұстаушылар тізімін оларда келтірілген деректердің мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің, оның ішінде ҰБДҚ деректерімен сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Қызмет көрсетушілердің тізбесінде көрсетілген МДҰ деректерінің (немесе) қызмет алушылар тізімінде көрсетілген қызмет алушылардың деректерінің сәйкессіздігі анықталған жағдайда оператор өзінің тәуекелдерді басқару жүйесінде тексеру жүргізеді. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер, оның ішінде ҰБДҚ арқылы оларды тексеру қорытындылары бойынша деректердің дұрыс еместігі анықталған кезде оператор білім беруді басқару органын Қызмет алушылардың тізімінен тиісті емес қызмет алушыларды және (немесе) қызмет көрсетушілердің тізбесінен сәйкес келмейтін МДҰ-ны алып тастау қажеттігі туралы хабарлайды;
2) білім беруді басқару органына тиісті қаржы жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін білім беруді басқару органы қалыптастырған шекте қаржыландыруға өтініш жібереді;
3) Пилоттық жобаға қатысушылар арасында тараптардың өзара іс-әрекет жасау талаптарын көздейтін, нысаны оператормен бекітілген қосылу шартын жасасады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 381-бабына сәйкес Пилоттық жобаға қатысушылар арасында жасалатын қосылу шарты аралас шарт болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 41-тарауына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес жасалатын тапсырыс шартының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабының 1-тармағына сәйкес жасалатын қосылу шартының элементтерін қамтиды.
Пилоттық жобаға қатысушылардың қосылу шартына қосылу тәртібін оператор айқындайды және қосылу шартының бекітілген нысанында көрсетіледі.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартқа өзгерістер білім беруді басқару органының бекітілген бюджеті шегінде біржақты тәртіппен енгізіледі;
4) виртуалды ваучер кезінде – мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ қосылу шартында көзделген талаптарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде МДҰ көрсеткен білім беру қызметтерін қабылдайды не мұндай қызметтерді қабылдаудан дәлелді түрде бас тартады;
5) қаржылық ваучер кезінде – екінші деңгейдегі банкте және (немесе) Ұлттық пошта операторында ашылған тиісті қызмет алушылардың шоттарына олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен тиісті МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған қаражатты ай сайын аударуды жүргізеді;
6) тәуекелдерді басқару жүйесін жүргізеді;
қаржылық ваучер кезінде Пилоттық жобаға қатысатын екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы:
1) қызмет алушы екінші деңгейдегі банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының мобильді қосымшасында және (немесе) ақпараттандыру объектісінде тіркеу жөніндегі нұсқаулықты жолдай отырып, қаржылық ваучерді таңдаған кезде ваучер ұстаушылардың атына банктік шот ашады.
Банк шоттарын ашу осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген қосылу шартына қосылған екінші деңгейдегі банкте және (немесе) Ұлттық пошта операторында жүзеге асырылады, оның шеңберінде екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы қызмет алушылардың банк шоттарына аударылатын және кейіннен Пилоттық жоба шеңберінде тиісті ваучер ұстаушыларға көрсеткен білім беру қызметтері үшін Қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізілген МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатын сақтауға кепілдік береді;
2) қосылу шартында көзделген мерзімдерде ваучер ұстаушылардың расталған қатысудың электрондық табеліне сәйкес есептелген мөлшерде ақшалай қаражатты ваучер ұстаушылардың банктік шоттарынан МДҰ банктік шоттарына аударады;
3) қосылу шартында көзделген мерзімдерде акцептісіз тәртіппен есептен шығарады:
қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған қалған ақша ваучер ұстаушылардың шоттарынан алынып, операторға аударылады;
Алгоритмнің 56-тармағына сәйкес ваучер жойылған, ваучер ұстаушымен банктік шот шарты бұзылған жағдайда ваучер ұстаушының банктік шоттарында қалған ақша операторға аударылады;
4) қосылу шартында көзделген мерзімдерде операторға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға пайдаланылған қаражат туралы ақпаратты оператормен келісілген нысан бойынша береді;
5) қаржылық ваучер шеңберінде таңдаған және қатысатын ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табелін одан әрі операторға беру үшін ҰБДҚ-ға береді;
6) тиісті ваучер ұстаұшыларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатының сақталуына, оның ішінде:
басқа ваучер ұстаушы немесе өзге үшінші тұлға үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында бір ваучер ұстаушының атына ашылған банктік шоттан МДҰ шотына бюджет қаражатын аудару;
білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде ашылған ваучер ұстаушының банктік шоттарынан қолма-қол ақша беру фактілеріне жол бермеуге кепілдік береді;
7) өзінің ақпараттандыру объектісінің және (немесе) мобильді қосымшаның үздіксіз жұмысын және ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табеліне растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Көрсетілетін қызметті алушы:
1) қаржылық ваучерді таңдағанда, екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы тарапынан хабарлама алғаннан кейін мобильді қосымшада тіркеледі және екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық пошта операторының белгіленген тәртібі мен нысанында банк шоты туралы келісімшартты және қосылу келісіміне қосылу туралы өтінішке қол қояды;
2) қызмет алушымен МДҰ арасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің қолданыстағы электрондық шарты болған жағдайларды қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің электрондық шартын жасасатын тиісті ақпараттандыру объектісі арқылы қолайлы МДҰ-ны таңдайды;
3) электронды шартын МДҰ-мен жасаса отырып, осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген қосылу шартына қосылуға келісім білдіреді және көрсетілген шарттардың талаптарын орындауға жауапты болады;
4) МДҰ-да ваучер ұстаушылардың күнделікті тіркелуін автоматты есепке алудың электрондық жүйесі болмаған кезде ақпараттандыру объектісінде ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысудың электрондық табелін есепті айдан кейінгі айдың 1-10 аралығындағы кезеңде растайды.
МДҰ баланың дербес деректерін жинауға және өңдеуге ата-анасының немесе өзге заңды өкілінің келісімімен ваучер ұстаушылардың қатысуын тіркеуді автоматты есепке алу элентрондық жүйесін пайдаланған кезде көрсетілетін қызметті алушы тарапынан қатысудың электрондық табелін күнделікті растау талап етілмейді.
МДҰ толтырған ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысудың электрондық табелінің деректерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы растайтын құжаттарды (олар болған жағдайда) қоса бере отырып, ақпараттандыру объектісінде келіспеу себебін толтырады.
Ваучер ұстаушының қатысудың электрондық табелі жоғарыда көрсетілген мерзімде расталмаған жағдайда, соңғысы қызмет алушы тарапынан автоматты түрде расталған болып есептеледі, бірақ бұл қатарынан 2 (екі) айдан аспауы қажет.
5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметі көрсетілетін елді мекенде тұрақты немесе уақытша тіркелудің болуын қамтамасыз етеді;
МДҰ:
1) Пилоттық жобаға қатысушыларға қызмет алушылардың дербес деректерін беруге, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде Пилоттық жобаға қатысушылар алған дербес деректерді жинауға және өңдеуге қызмет алушының келісім беруін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес МДҰ мен қызмет алушы арасындағы электронды шартқа енгізу жолымен келісуін қамтамасыз етеді;
2) ҰБДҚ және ақпараттандыру объектісінде МДҰ тәрбиеленушілерінің нақты контингенті және объектінің жобалық қуаты туралы ақпаратты уақытылы өзектендіреді;
3) қызметкерлермен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарының болуын қамтамасыз етеді;
4) ваучер ұстаушылардың күнделікті қатысуын автоматты есепке алу электрондық жүйесі болмаған кезде, ақпараттандыру объектісінде күн сайын ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табелін толтырады және ақпараттандыру объектісінде растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;
5) ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысудың электрондық табелің деректерімен қызмет алушының келіспеу себебін қарастырады және қарау нәтижелері бойынша осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген қосылу шартында көзделген мерзімдерде онымен келіспеуіне байланысты (келіспеу себебін көрсете отырып) МДҰ ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табелін өзгерту туралы қызмет алушы талабын қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды;
6) жас топтарын бір жастағы немесе әртүрлі жастағы қағидаты бойынша жинақтайды. Жас ерекшелігі бір қағидасы бойынша толтырылуы:
- ерте жас тобы (1 жастағы балалар) – 10 баладан артық емес;
- кіші топ (2 жастағы балалар) – 20 баладан артық емес;
- ортаңғы топ (3 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес;
- ересек топ (4 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес;
- мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес.
Жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша толықтырылуы:
1) топта жас ерекшелігі екі түрлі балалар болған жағдайда:
- 1 және 2 жастағы – 15 баладан артық емес;
- 2 және 3 жастағы – 20 баладан артық емес;
- 3 және 4 жастағы – 25 баладан артық емес;
- 4 және 5 жастағы – 25 баладан артық емес;
2) топта жас ерекшелігі үш түрлі балалар болған жағдайда:
- 2, 3, 4 жастағы – 25 баладан артық емес;
- 3, 4, 5 жастағы – 25 баладан артық емес.
Бұл ретте ерте жас және мектепалды жастағы балаларды біріктіре отырып, әртүрлі жас қағидасы бойынша топтар құруға жол берілмейді (мектеп жасына дейінгі балалар саны аз елді мекендерден басқа).";
мынадай мазмұндағы 49-1 тармақпен толықтырылсын:
"49-1. Бұйрыққа 3-қосымшаның 2-бөліміне сәйкес облыстардың аудандарында (қажет болған жағдайда бұйрыққа 3-қосымшаның 1-бөліміне сәйкес қалаларда, білім беруді басқару органы мен оператордың бірлескен шешімі бойынша) мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға орналастыру оның қатысушыларының мынадай дәйекті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады:
білім басқармасы:
1) Операторды Пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, оның ішінде:
операторды тәуекелдерді басқару жүйесін жүргізу үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету мақсаттары үшін тиісті ақпараттандыру объектісіне тұрақты қолжетімділікпен (логин және пароль);
қызмет көрсетушілердің өзекті тізбесін және ваучер ұстаушылар тізімін, оның ішінде ақпараттандыру объектісі арқылы, сондай-ақ оларға барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды уақтылы жібереді;
2) оператор әзірлеген қосылу шартының жобасын (бұдан әрі – Шарт) бекітеді;
3) екінші деңгейдегі банктердегі және (немесе) Ұлттық почта операторындағы ваучер ұстаушылардың ашық шоттары арқылы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жағдайларын қоспағанда көрсетілетін қызметті алушылар электрондық қатысудың табелдеріне ұсынған құжаттарды тексереді;
4) МДҰ ваучер ұстаушылардың күнделікті қатысуын автоматты есепке алу жүйесін пайдаланған кезде электрондық табельді растайды.
Ваучер ұстаушылардың қатысуын күнделікті тіркеуді автоматты есепке алу жүйесін пайдалануға олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген және ата-анасының немесе өзге заңды өкілінің келісімі болған жағдайда ваучер ұстаушының дербес деректерін білім беруді басқару органының мемлекеттік дата-орталықтарында және байланыс арналарында сақталатын және өңделетін (дербес деректер) жинауға және өңдеуге жол беріледі;
білім бөлімі:
1) жергілікті атқарушы органның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары мен әдістемесіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекіту туралы шешіміне сәйкес ата-ана төлемақысының рұқсат етілген ең жоғары мөлшерін (қосымша қызметтер мен тамақтану) ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін;
қызмет көрсетушілердің тізбесі мен ваучер ұстаушылардың тізімін қалыптастырады;
2) Оператордың хабарламасы бойынша 41-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталған кезде МДҰ-ны қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастайды;
3) Операторға Пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, оның ішінде:
Оператор ұсынған қаржыландыруға өтініміне сәйкес, тиісті қаржы жылына білім беруді басқару органымен қалыптастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі шегінде, белгіленген көлемде және мерзімде бюджет қаражатымен;
4) мемлекеттік сатып алу веб-порталында Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде қосылу шартына қосылған МДҰ-мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы қосымша келісімдерді бұзу немесе жасасу жөнінде осындай МДҰ-ларға білім беруді басқару органы тапсырыс берушісі білім беруді басқару органы болып табылатын мемлекеттік сатып алу веб-порталында келісімдерді бұзуға немесе жоғарыда көрсетілген шарттарға қосымша келісімдер жасасуға байланысты қандай да бір айыппұл санкцияларын қолданбай-ақ шаралар қабылдайды;
5) ақпараттандыру объектісінде қалыптастырылатын және орналастырылатын оның тараптарының өзара іс-қимыл шарттарын көздейтін қатысушылар арасында Шарт жасасады.
Қатысушылардың Шартқа қосылу тәртібі қосылу шартының бекітілген нысанында көрсетіледі;
6) екінші деңгейдегі банктердегі ваучер ұстаушылардың және (немесе) Ұлттық почта операторының ашық шоттары арқылы МДҰ қызметтеріне ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтер актісі қабылдайды не Шартпен көзделген талаптарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде көрсетілген қызметтер актісін қабылдаудан дәлелді түрде бас тартады;
7) оператормен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде МДҰ бюджет қаражатын аудару жөніндегі функцияларды беру жөніндегі тапсырма шартын жасасады;
8) ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың, екінші деңгейдегі банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қосылу шартының талаптарымен келісуін қамтамасыз етеді;
9) Оператордың ұсынған тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру бөлігінде заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізеді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды;
Оператор:
1) тараптарының өзара іс-қимыл шарттарын көздейтін қосылу шартының үлгілік жобасын әзірлейді;
2) Қызмет көрсетушілер тізбесін және ваучер ұстаушылар тізімін оларда келтірілген деректердің мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің, оның ішінде ҰБДҚ деректерімен сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Қызмет көрсетушілер тізбесінде және (немесе) ваучер ұстаушылар тізімінде көрсетілген деректердің МДҰ деректерімен сәйкессіздігі анықталған жағдайда, оператор өз тәуекелдерді басқару жүйесінде тексеру жүргізеді. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер, оның ішінде ҰБДҚ арқылы деректерді тексеру қорытындылары бойынша деректердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда, оператор білім беруді басқару органын сәйкес келмейтін ваучер ұстаушыларды ваучер ұстаушылар тізімінен және (немесе) МДҰ Қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастау қажеттілігі туралы хабардар етеді;
3) білім беруді басқару органына тиісті қаржы жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін білім беруді басқару органы қалыптастырған шекте қаржыландыруға өтініш жібереді;
4) виртуалды ваучер кезінде – білім беруді басқару органы жариялаған шартқа қосылған МДҰ қаражатын олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін, сондай-ақ қаржылық ваучер кезінде – екінші деңгейдегі банкте және (немесе) Ұлттық пошта операторында ашылған тиісті қызмет алушылардың шоттарына олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен тиісті МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған қаражатты ай сайын аударуды жүргізеді;
5) тәуекелдерді басқару жүйесін жүргізеді;
қаржылық ваучер кезінде Пилоттық жобаға қатысатын екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы:
1) қосылу шартымен көзделген мерзімдерде ваучер ұстаушылар растаған қатысу табеліне сәйкес есептелген мөлшерде ақшалай қаражатты ваучер ұстаушылардың банктік шоттарынан МДҰ банктік шоттарына аударады;
2) қосылу шартымен көзделген мерзімдерде акцептісіз тәртіппен есептен шығарады:
қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған қалған ақша ваучер ұстаушылардың шоттарынан алынып, операторға аударылады;
алгоритмнің 56-тармағына сәйкес ваучер жойылған, ваучер ұстаушымен банктік шот шарты бұзылған жағдайда ваучер ұстаушының банктік шоттарында қалған ақша Операторға аударылады;
3) қосылу шартында көзделген мерзімдерде операторға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға пайдаланылған қаражат туралы ақпаратты Оператормен келісілген нысан бойынша береді;
4) қаржылық ваучер шеңберінде таңдаған және қатысатын ваучер ұстаушылардың қатысу табелін одан әрі Операторға беру үшін ҰБДҚ-ға береді;
5) тиісті ваучер ұстаушыларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатының сақталуына, оның ішінде:
басқа ваучер ұстаушы немесе өзге үшінші тұлға үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында бір ваучер ұстаушының атына ашылған банктік шоттан МДҰ шотына бюджет қаражатын аударуға;
мемлекеттік білім беру тапсырысын ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға орналастыру шеңберінде білім беру қызметтерін алушыларға қатысты ашылған ваучер ұстаушылардың банктік шоттарынан қолма-қол ақша беру;
6) өзінің ақпараттандыру объектісінің және (немесе) мобильді қосымшаның үздіксіз жұмысын және ваучер ұстаушылар қатысуының электрондық табелін растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
қызмет алушы:
1) қаржылық ваучерді таңдағанда, екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы тарапынан хабарлама алғаннан кейін мобильді қосымшада тіркеледі және екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық пошта операторының белгіленген тәртібі мен нысанында банк шоты туралы келісімшартты және қосылу шартына қосылу туралы өтінішке қол қояды;
2) қызмет алушымен МДҰ арасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің қолданыстағы электрондық шарты болған жағдайларды қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің электрондық шартын жасасатын тиісті ақпараттандыру объектісі арқылы қолайлы МДҰ-ны таңдайды;
3) электронды шартын МДҰ-мен жасаса отырып, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген қосылу шартына қосылуға келісім білдіреді және көрсетілген шарттардың талаптарын орындауға жауапты болады;
4) ваучер ұстаушылардың күнделікті қатысуын автоматты есепке алу жүйесі болмаған кезде, Шартта көзделген мерзімдерде ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысудың электрондық табелін растайды.
МДҰ ваучер ұстаушылардың күнделікті қатысуын автоматты есепке алудың жүйесін пайдаланған кезде көрсетілетін қызметті алушы тарапынан қатысудың электрондық табелін ай сайын растау талап етілмейді.
МДҰ толтырған ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысу табелінің деректерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы растайтын құжаттарды (олар болған жағдайда) қоса бере отырып, ақпараттандыру объектісінде келіспеу себебін толтырады.
Ваучер ұстаушының қатысудың электрондық табелі жоғарыда көрсетілген мерзімде расталмаған жағдайда, соңғысы қызмет алушы тарапынан автоматты түрде расталған болып есептеледі, бірақ бұл қатарынан 2 (екі) айдан аспауы қажет.
Ваучер ұстаушыларға баруды тіркеудің пайдаланылатын тәсілдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген және білім беруді басқару органының мемлекеттік дата-орталықтарында және байланыс арналарында сақталатын және өңделетін (дербес деректер) ваучер ұстаушының заңды өкілінен дербес деректерді жинауға және өңдеуге ерікті келісім (кері қайтарып алу) болған жағдайда;
5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметі көрсетілетін елді мекенде тұрақты немесе уақытша тіркелудің болуын қамтамасыз етеді;
МДҰ:
1) Пилоттық жобаға қатысушыларға қызмет алушылардың дербес деректерін беруге, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде Пилоттық жобаға қатысушылар алған дербес деректерді жинауға және өңдеуге қызмет алушының келісім беруін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес МДҰ мен қызмет алушы арасындағы электронды шартқа енгізу жолымен келісуін қамтамасыз етеді;
2) ҰБДҚ және ақпараттандыру объектісінде МДҰ тәрбиеленушілерінің нақты контингенті және объектінің жобалық қуаты туралы ақпаратты уақытылы өзектендіреді;
3) қызметкерлермен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарының болуын қамтамасыз етеді;
4) ваучер ұстаушылардың күнделікті қатысуын автоматты есепке алу жүйесі болмаған кезде ақпараттандыру объектісінде күн сайын ваучер ұстаушылардың қатысу табелін толтырады және ақпараттандыру объектісінде растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;
5) ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысу электрондық табелі деректерімен қызмет алушының келіспеу себебін қарастырады және қарау нәтижелері бойынша осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген қосылу шартында көзделген мерзімдерде онымен келіспеуіне байланысты (келіспеу себебін көрсете отырып) МДҰ ваучер ұстаушылардың қатысу табелін өзгерту туралы қызмет алушы талабын қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды;.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша айқындалатын көлемде және мөлшерде мынадай жағдайларда қаржыландырылады:
1) балалар МДҰ-ға бармайтын шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде қолданылу кезеңіне;
2) МДҰ-ға қабылданған, бірақ мемлекеттік МДҰ-да кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, қайта жаңарту, қалпына келтіру, күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізілуі себепті бармайтын балалар үшін (құжаттамалық растамасы болса) бірақ оған жылына 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Ваучер ұстаушыларға қатысты ваучер мынадай жағдайларда жойылады:
1) ваучер ұстаушы басқа елді мекенге көшкенде;
2) ваучер ұстаушы қайтыс болған жағдайда;
3) қызмет алушы қатарынан екі ай бойы осы табельді растамаған жағдайларда жойылады. Елді мекенді Пилоттық жобаға қосу кезінде өтпелі кезеңге аталған мерзім қосылу шартының күнінен бастап 3 (үш) айды құрайды.
Бұл ретте осы тармақшаның талабы туындаған күтпеген жағдаяттарға байланысты саны осы МДҰ тәрбиеленушілерінің жалпы санының 3%-ынан аспайтын қызмет алушының қатысудың электрондық табелі расталмаған жағдайға қолданылмайды.
Ата-аналары немесе заңды өкілдері қатысудың электрондық табельдерін растауға мүмкіндігі жоқ ваучер ұстаушылардың тізімін басқару органы айқындайды және операторға ұсынады;
4) ваучер ұстаушының ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде білім беру қызметтерін себепсіз барлығы 40 (қырық) күннен астам мерзімде алмағаны және (немесе) бармағаны жағдайында, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай тәртіппен жүзеге асырылады. Ваучер ұстаушының себепсіз 35 (отыз бес) жұмыс күнге дейін келмеуінің жиынтық ұзақтығына жеткен кезде ақпараттандыру объектісі қызмет алушыға, сондай-ақ МДҰ-ға ваучер ұстаушының МДҰ-ға келмеуінің жиынтық 40 (қырық) күніне жеткен жағдайда ваучердің күшін жою туралы ескертумен хабарлама жібереді. Ваучер ұстаушының дәлелді себепсіз келмеуінің жиынтық ұзақтығына 40 (қырық) күнге жеткен кезде ақпараттандыру объектісі қызмет алушыға, сондай-ақ МДҰ-ға бармаудың дәлелді себебін растайтын құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда ваучердің күшін жою туралы хабарлама жібереді;
5) күнтізбелік жыл ішінде толық 6 жасқа толған және МДҰ-дан мектепалды даярлық бағдарламасынан өткен тәрбиеленушілерді шығарғанда (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның тиісті ұсынымдарына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балалардан басқа);
6) көрсетілетін қызметті алушы ваучерді одан әрі пайдаланудан бас тартқанда.";
Алгоритмнің 6-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Өткізілген пилоттық жобаның нәтижелері туралы есеп | 2026 жылғы 1 қантарға дейін | Өткізілген пилоттық жобаның нәтижелері туралы талдамалық анықтама | "Қаржы орталығы" АҚ |
";
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (М.Е. Адамова) Пилоттық жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ғ. Бейсембаев |
Нысан
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты
Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі
"мектепке дейінгі ұйым" деп аталатын
_____________________________________________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы) басшысы атынан
______________________________________________________________
(мектепке дейінгі ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
бір жағынан және екінші жағынан
_________________________________________________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
бұдан әрі "Ата-ана" деп аталатын ата-анасының (баланың заңды өкілдерінің)
біреуі ____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)
(бұдан әрі – Тараптар) арасындағы қарым-қатынасты анықтау және реттеу мақсатында
төмендегілер туралы осы шарт жасалды:
1. Шарттың мәні
1.1. Осы шарт мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері арасында баланың мектепке дейінгі ұйымда болған кезеңінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ, тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуға өзара жауапкершілік тетігін белгілей отырып, өзара қарым-қатынасты реттейді.
1.2. Осы шартқа қол қою арқылы баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі мектепке дейінгі ұйым қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырған қосылу шартына қосылады.
Баланың ата анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қосылу шартына қосылуы олардың келісімін білдіру нысаны болып табылады:
мектепке дейінгі ұйым қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу веб-порталында, оның ішінде оған барлық қосымшаларда орналастырған қосылу шартының талаптарымен және баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің қосылу шартының барлық талаптарын ескертулерсіз және қарсылықтарсыз толық көлемде оқығанын, түсінгенін және қабылдағанын куәландырады;
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде Ата-ананың және оның баласының дербес деректерін қосу шартын тараптардың жинауы мен өңдеуіне оның келісімін білдіру нысаны болып табылады.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Мектепке дейінгі ұйым:
1) мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Шартты сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритміне сәйкес тәрбиеленушілерді қабылдауды іске асыруға;
3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етуге;
4) баланың өмірімен мен денсаулығын сақтауды, физикалық, зияткерлік және тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеруді, сапалы мектепалды даярлықты, теңгерімді тамақтануды, мүлкін сақтауды (киімі, аяқ-киімі) қамтамасыз етуге;
5) баланың әрекетін оның жасына, жеке ерекшеліктеріне және қабілеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;
6) бес күндік, алты күндік (керегін сызу) – сағ _____ - _____ дейін мектепке дейінгі ұйымға бару кестесін жасауға;
7) тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде, сондай-ақ, тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына 60 (алпыс) күнге дейін мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда, елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар), карантин енгізілген кезеңде баланың орнын сақтауға;
8) баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-анаға консультациялық көмек көрсетуге;
9) тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылда толық жасқа жетуін ескере отырып, тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асыруға;
10) мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан жыл сайын 1 тамызға дейін шығаруға;
11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптарын сақтауға;
12) тәрбиеленушінің ата-анасына немесе заңды өкілдеріне құрмет көрсетуге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсету;
ата-аналардың немесе баланың заңды өкілінің жазбаша түрдегі келісімімен тәрбиеленушілермен психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) жүргізіп, ата-аналарға консультация береді және тренингтер жүргізеді (қажет болған жағдайда).
2.2. Мектепке дейінгі ұйым:
1) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жұмыс күндері және демалыс күндері тәрбиеленушілер үшін білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетуге;
2) мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылғанда, тәрбиеленуші 40 (қырық) күннен астам себепсіз және әкімшілікке ескертпей, мектепке дейінгі ұйымға келмеген, дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығаруға;
3) ата-анаға екі тараптың келісімі бойынша мектепке дейінгі ұйымда баланың тамақтануы үшін төлемді кейінге қалдыруға;
4) баланы алкагольді немесе наркотикті мас күйдегі ата-анасына немесе заңды өкіліне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына бермеуге;
5) ата-ана осы шартта көзделген міндеттерін жүйелі түрде орындамаған кезде бұл туралы ата-ананы күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын шартты бұзуға;
6) өндірістік қажеттілік болған жағдайда топтарды қосуға құқылы.
2.3. Ата-ана немесе баланың занды өкілі:
1) Жарғымен анықталған ережелерді орындауға, осы шарттың талаптарын сақтауға;
2) баланың тамақтануы үшін ________ теңге мөлшерінде ай сайын ағымдағы айдың 5-не дейін ақы төлеуге;
3) баланы тәрбиешіге жеке тапсыруға және одан алуға;
4) баланы алкогольді немесе наркотикті мас күйдегі, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жақын туысқандарына мектепке дейінгі ұйымнан алуды тапсырмауға;
5) мектепке дейінгі ұйымды баланың бармайтыны туралы алдын ала уақытында хабардар етуге;
6) басқа тәрбиеленушілер арасында инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау мақсатында тұмау немесе жұқпалы аурулардың белгілері байқалған жағдайда баланы мектепке дейінгі ұйымға әкелмеуге;
7) мектепке дейінгі ұйымға дәлелді себепсіз бармауға жол бермеу. Бала ауырған жағдайда тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген анықтаманы ұсынуға;
8) педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда құрмет көрсетуге;
9) тәрбие мен оқытудың барлық мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйыммен өзара қарым-қатынас жасауға;
10) бала мен басқа балалардың өміріне қауіп төндіретін денсаулыққа байланысты мәселелерді жасырмауға;
11) баланы, оның қызығушылықтарын ескере отырып:
әдептілікке, төзімділікке және ұлтаралық келісімге; кибермәдениет пен кибергигиенаға тәрбиелеуге;
12) баланың қажеттіліктерін ескере отырып, мобильді құрылғыларды қолдануды шектеу мүмкіндіктерін қарастыруға;
13) баласының мектепке дейінгі ұйымға баруын қатамасыз етуге;
14) мектепке дейінгі ұйым қалыптастырған және ақпараттандыру объектісі арқылы жіберілген ваучер ұстаушының қатысудың электрондық табелін растауға не келіспеушілік себептерін көрсете отырып, ваучер ұстаушының қатысу табелінде көрсетілген деректермен келіспеушілікті жіберуге міндеттеледі.
Мектепке дейінгі ұйым қалыптастырған және ақпараттандыру объектісі арқылы жіберілген ваучер ұстаушының баланың қатысудың электрондық табелі қатарынан екі ай бойы қатарынан расталмаған жағдайда, ондағы деректермен келіспеу себебінен расталмаған жағдайларды қоспағанда, ваучер жойылады.
2.4. Ата-ана немесе баланың занды өкілі:
1) балалармен жүргізілетін жұмысты жақсарту және мектепке дейінгі ұйымда қосымша қызмет түрлерін ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасауға;
2) баланың мектепке дейінгі ұйымның жағдайына бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт ішінде, екі тараптың келісуімен, мектепке дейінгі ұйымда болуға;
3) екі тараптың келісімі бойынша баланың тамақтануы үшін төлемді белгіленген мерзімінен 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейінге қалдыруға;
4) осы шарт талаптарының орындалуын талап етуге;
5) алдын ала мектепке дейінгі ұйымды 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта ескертіп, осы шартты бір жақты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
2.5. Ата-ана немесе баланың заңды өкілі осы шартты мектепке дейінгі ұйыммен жасасу арқылы баласының аталған мектепке дейінгі ұйымға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды көздейтін қосылу шартына қосылуға келісімін білдіреді.
3. Білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері және төлеу тәртібі:
Баланың тамақтануы үшін _________ теңге сомасындағы ата-ана төлемі ай сайын ағымдағы айдың 5-не дейін төленеді. Тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде, сондай-ақ тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына 60 (алпыс) күннен артық емес мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда нақты келген күндерінің саны бойынша қайта есептеу келесі айдың басында жүргізіледі және төлем туралы түбіртекке енгізіледі.
4. Тараптардың жауапкершілігі:
Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Дауларды шешу тәртібі:
1) осы Шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді;
2) тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
6. Форс-мажор:
1) су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды;
2) билік пен басқару органдарының Тараптардың тым болмаса біреуінің осы шарт міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауы да Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде танылады;
3) Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың салдарынының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.
7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі:
1) шарт Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Бұл ретте осы Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес келуге және осы Шарттың талаптарын жақсартуға бағытталуға тиіс;
2) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу оған қосымша түрінде ресімделеді;
3) шарттың әрекет ету мерзімі ______________бастап _________дейін;
4) Осы шарт әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Тараптардың мекенжайы және қолы:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 225 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына 3-қосымша |
№ | Өңірлер | Аяқталу мерзімі | Жауапты тұлғалар |
1 бөлім. Облыстық және республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және облыс аудандарын ваучерлік қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшіру | |||
1 | Шымкент қаласы | қаңтар, 2025 жыл | Шымкент қаласы әкімдігі, Білім басқармасы |
2 | Тараз қ. | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімі | |
3 | Түркістан қ. | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Түркістан қаласының білім бөлімі | |
4 | Орал қ. | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Орал қаласының білім бөлімі | |
5 | Астана қ. | қаңтар, 2025 жыл | Астана қаласы әкімдігі, Білім басқармасы |
6 | Семей қ. | наурыз, 2025 жыл | Абай облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Семей қаласының білім бөлімі |
7 | Өскемен қ. | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Өскемен қаласының білім бөлімі | |
8 | Қарағанды қ. | Қарағанды облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қарағанды қаласының білім бөлімі | |
9 | Жезқазған қ. | Ұлытау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Жезқазған қаласының білім бөлімі | |
10 | Сарыағаш ауданы | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Сарыағаш ауданының білім бөлімі | |
11 | Байзақ ауданы. | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Байзақ ауданының білім бөлімі | |
12 | Петропавл қ. | сәуір, 2025 жыл | Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Петропавл қаласының білім бөлімі |
13 | Қостанай қ. | Қостанай облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қостанай қаласының білім бөлімі | |
14 | Павлодар қ. | Ақмола облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қосшы қаласының білім бөлімі | |
15 | Қонаев қ. | мамыр, 2025 жыл | Павлодар облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Павлодар қаласының білім бөлімі |
16 | Қосшы қ. | Алматы облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қонаев қаласы білім бөлімі | |
17 | Талдықорған қ. | Ақмола облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қосшы қаласының білім бөлімі | |
18 | Жетісай ауданы | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Жетісай ауданының білім бөлімі | |
19 | Сайрам ауданы | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Сайрам ауданының білім бөлімі | |
20 | Қазығұрт ауданы | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қазығұрт ауданының білім бөлімі | |
21 | Мақтаарал ауданы | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Мақтаарал ауданының білім бөлімі | |
22 | Ақтөбе қ. | маусым, 2025 жыл | Ақтөбе облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Ақтөбе қаласының білім бөлімі |
23 | Атырау қ. | Атырау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Атырау қаласының білім бөлімі | |
24 | Ақтау қ. | Маңғыстау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Маңғыстау қаласының білім бөлімі | |
25 | Қызылорда қ. | Қызылорда облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қызылорда қаласының білім бөлімі | |
26 | Бәйтерек ауданы | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Бәйтерек қаласының білім бөлімі | |
27 | Алматы қ. | шілде, 2025 жыл | Алматы қаласы әкімдігі, Білім басқармасы |
2 бөлім. Облыстардың аудандарын1-бөлімде көрсетілген аудандарды қоспағанда, ваучерлік қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшіру | |||
1 | Жамбыл облысы | қыркүйек, 2025 жыл | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы |
2 | Түркістан облысы |
| Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы |
3 | Ақмола облысы | Ақмола облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
4 | Батыс Қазақстан облысы |
| Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы |
5 | Абай облысы | Абай облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
6 | Шығыс Қазақстан облысы | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
| Қарағанды облысы | Қарағанды облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
8 | Ұлытау облысы | Ұлытау облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
9 | Солтүстік Қазақстан облысы | Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
10 | Қостанай облысы | Қостанай облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
11 | Павлодар облысы | желтоқсан, 2025 жыл | Павлодар облысының әкімдігі, Білім басқармасы |
12 | Алматы облысы | Алматы облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
13 | Жетісу облысы | Жетісу облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
14 | Ақтөбе облысы | Ақтөбе облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
15 | Атырау облысы | Атырау облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
16 | Маңғыстау облысы | Маңғыстау облысының әкімдігі, Білім басқармасы | |
17 | Қызылорда облысы | Қызылорда облысының әкімдігі, Білім басқармасы |