"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу және орналастыру жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 17 шілдедегі № 01/4 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "2025-2026 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 14 мамырдағы № 238 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
"Қысқартылған оқу мерзімі" деген бөлімде:
"B042 - Журналистика және репортер ісі" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
"
8 | "Astana IT University" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| "; |
"B057 - Ақпараттық технологиялар" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 59-жолмен толықтырылсын:
"
59 | "Astana IT University" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| "; |
"B058 - Ақпараттық қауіпсіздік" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
"
7 | "Astana IT University" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| "; |
"B059 - Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:
"
15 | "Astana IT University" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| "; |
"B063 - Электр техникасы және автоматтандыру" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:
"
28 | "Astana IT University" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| ". |
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы |
Г. Көбенова |