ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 726-бабына сәйкес Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 3% - ға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Ұлытау аудандық мәслихаттың төрағасы | А.Құрмансейітов |