Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жезқазған қаласы әкімі | Қ. Шайжанов |
| Жезқазған қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "19" желтоқсандағы № 55/01 қаулысына қосымша |
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы | Үлгісі | Жағдай | Айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) | Күніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) |
1 | Жартылай стационарлық | Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға | 1) Орташа және ауыр 2) Ауыр | 286401,0 | 9546,7 |
3) Абсолютті | - | - | |||
Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға | 1) Орташа және ауыр | 264780,0 | 8826,0 | ||
2) Ауыр | 280683,0 | 9356,1 | |||
3) Абсолютті | - | - | |||
2 | Уақытша болу | Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны | зомбылықтың құрбаны | 190950,0 | 6365,0 |
Адам саудасының құрбаны | саудасының құрбаны | 191592,0 | 6386,4 | ||
1 | Жезқазған қаласы әкімдігінің "Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайтадан әлеуметтеңдіру орталығы" КММ | Уақытша болу | 273090,0 | 9103,0 | |
Түнгі бөлім | 23925,0 | 797,5 | |||
Әлеуметтік патруль қызметі | 2673,0 | 89,1 | |||
2 | "Жезқазған қаласы бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімі" ҚБ | үйде қызмет көрсету | тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға | 95295,0 | 3176,5 |
психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға | |||||
Мүгедектігі бар азаматтар және карт адамдар |
Ескерту:
КММ – коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ҚБ –құрылымдық бөлімшесі