"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Шингисов |
| Ұлытау облыстық мәслихатының XXVIII сессиясының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 272 шешіміне 2 қосымша |
Ұлытау облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 8/51 "Ұлытау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімі;
2. Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 2/28 облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 8/51 "Ұлытау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі;
3. Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 6 қазандағы № 6/72 "Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 8/51 "Ұлытау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.