Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. "Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 100 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 мамырда № 32448 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы |
Д. Жазықбай |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
______________
"___" _____ 2025 жыл
Қазақстан Республикасының | |
Мемлекеттік қызмет істері | |
агенттігі төрағасы | |
2025 жылғы 30 мамырдағы № 92 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу Қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
2 тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібі
2. Мемлекеттік тапсырманың құны мыналарды қамтиды:
1) тікелей шығындар:
соңғы 12 айдағы соңғы жарияланған ресми статистикалық деректерге (жалақы, әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің қорға аударымдары) сәйкес республика бойынша мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын, бірақ тиісті саладағы (кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет) орташа айлық атаулы жалақыдан аспайтын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар әлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары);
іссапар шығыстары (жол жүру, тұру және тәуліктік);
зерттеу, консалтингтік қызметтер және мемлекеттік тапсырма үшін тікелей қажет полиграфиялық шығыстар;
ақпараттық қызметтер (бейнеконференцбайланыс өткізуге арналған платформа, цифрлық порталды әзірлеу және оны техникалық қолдау);
көлік шығындары;
байланыс қызметтері (пошта байланысы, интернет, телефония, хостинг және домен шығындары, интернет-ресурстарды әзірлеу және ұстау);
мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын материалдарды сатып алу;
2) шартты-тұрақты шығыстар:
тартылатын сыртқы сарапшылардың (қосалқы мердігерлердің)қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
қорларды сатып алу бойынша шығыстар (мемлекеттік тапсырма үшін қажетті тауарлар мен материалдардың құнын айқындау);
3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген талаптарға сәйкес айқындалған қосылған құн салығы, ол қызметтердің жалпы құнынан айқындалуға тиіс. Тапсырыс беруші қосылған құн салығын есептеудің дұрыстығын бақылауды арифметикалық жолмен жүзеге асырады, салық есебін жүргізуге әлеуетті орындаушы жауапты болады.
4. Мемлекеттік тапсырманы өткізу үшін, жекелеген міндеттірді орындау мүмкін болмаған жағдайда, орындаушының бөгде ұйымдармен және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық мәміле жасасу негізінде жүзеге асырылатын бөгде ұйымдарды мен жеке тұлғаларды тартуға құқығы бар.
5. Іссапар шығыстарының құны (тұру, тәуліктік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге өтеу қағидаларына сәйкес айқындалады.
6. Мемлекеттік тапсырманың құны Бюджеттік жоспарлау қағидаларымен бекітілген (Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №208 бұйрығы) Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу тәртібіне сәйкес және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік тапсырманың құнын есептеуге сәйкес белгіленеді.
Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларына қосымша |
Мемлекеттік тапсырманың құнын есептеу
1. Мемлекеттік тапсырманың құны, кемінде, үш әлеуетті орындаушыдан алынған жобалар негізінде тікелей шығыстар, шартты-тұрақты шығыстар және қосылған құн салығына сүйене отырып, ең төменгі құны бойынша белгіленеді:
Құны = ∑ ТШ + ШТШ + ҚҚС
2. Тікелей шығыстар мен шартты-тұрақты шығыстар сомасы (∑ТШ + ШТШ) мынадай формула бойынша айқындалады:
∑ТШ+ ШТШ = ∑Сеа + Сіш + Спш + Сақ + Скш + Сбқ + Смса +Ссс + Сқс
мұндағы:
Сеа – еңбекке ақы төлеу шығындарының сомасы;
Сіш – іссапар шығыстарына арналған шығындар сомасы;
Спш – полиграфиялық шығыстарға арналған шығындар сомасы;
Сақ – ақпараттық көрсетілетін қызметтерге жұмсалған шығындар сомасы;
Скш – көлік шығыстарына арналған шығындар сомасы;
Сбқ – байланыс қызметтеріне арналған шығындар сомасы;
Смса – материалдарды сатып алуға арналған шығындар сомасы;
Ссс – тартылатын сыртқы сарапшылардың (қосалқы мердігерлерге) қызметтеріне ақы төлеуіне арналған шығыстар сомасы;
Сқс – қорларды сатып алуға жұмсалған шығыстар сомасы.
Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерден алынған ұсынылған жобаларды мемлекеттік тапсырмаға сәйкестігі, ұсынылатын іс-шаралардың мазмұны, олардың толықтығы мен құны тұрғысынан қарайды.