"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Досбол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үлкен Көкдала ауылының Орталық көшесі Сарыжайлау көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Досбол ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Ордабаев Әмірбек Дүйсенбайұлына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | А. Сапарбек |