"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі Сарымолдаев ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Ращупкин 1 – ші тұйық көшесі – Зеренді тұйық көшесіне;
2) Ращупкин 2 – ші тұйық көшесі – Киелі бұлақ тұйық көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі | С. Бабижанов |