Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Ұ.Сламбековаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізіледі.
| Тараз қаласының әкімі | Б. Орынбеков |
| Тараз қаласы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "15" қазандағы | |
| № 2722 қаулысына | |
| қосымша |
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№ |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер | Қызмет түрлері | Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен) |
1. | "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер | 2714 |
Үкіметтік емес ұйымдар | 2588 | ||
2. | "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | уақытша болу жағдайында | 6336 |