БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы №360 бұйрығына (2017 жылғы 6 желтоқсанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
52, 53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Лауазымдық міндеттері:
атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін азаматтардан келіп түскен өтініштер мен құжаттарды қабылдайды, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген үміткерлермен сұхбат жүргізеді;
әлеуметтік келісімшартты іске асыру кезеңінде сұхбат өткізу, қажетті құжаттарды толтыруға жәрдемдесу, жұмыс іздеу, келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау арқылы адамды (отбасын) сүйемелдеуді жүзеге асырады;
атқарылған жұмыс туралы мониторинг және есеп жасауды жүзеге асырады;
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс жасауға уәкілетті ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
жұмыспен қамту орталығына атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінген үміткерлерге халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді;
атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж контингентке түрлі көмек көрсетумен байланысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларына атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықтан шығу, оларды әлеуметтендіру және интеграциялау үшін қажетті жағдайлар жасауға жәрдемдеседі, әлеуметтік қолдаудың қажетті шараларын алуда олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды;
адамның және (немесе) оның отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу шараларына қажеттілігі болған жағдайда, бірақ мұндай шараларды ұсыну туралы шешім мансап орталығының және уәкілетті органның құзыретінен тыс шығатын кезде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінген өтініш берушінің ұсынған құжаттарын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына уақтылы жолдауды қамтамасыз етеді;
атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және ресімдеуді жүзеге асырады;
көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрін айқындайды: шартсыз немесе шартты ақшалай көмек;
адамның (отбасының) жиынтық табысын атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы тоқсан үшін есептейді;
атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінген өтініш берушілермен және олардың отбасыларымен бірлесе отырып, отбасыға көмектесудің жеке жоспарын әзірлейді;
жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу шараларын қамтитын әлеуметтік келісімшарт жасайды;
өтініш берушіден қабылданған құжаттарды, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім жобасын және тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты уәкілетті органға уақтылы жолдайды;
мансап орталығына жүгінген өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтылған азаматтар қатарынан әртүрлі бейіндегі мамандардың деректер банкін қалыптастырады, бос орындарын іздеумен айналысады және өтініш білдірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
бос орындарын анықтау және жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілермен жұмыс жүргізеді;
атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған істер бойынша сұрау салулардың орындалуын қамтамасыз етеді;
атаулы әлеуметтік көмек пен халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының мәселелері бойынша халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысына қатысады;
өңірлік мансап орталықтарының озық тәжірибесін зерделейді;
жұмысқа орналасу және бос орындары туралы ақпарат алу мәселелері бойынша жұмыс берушілермен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
жеке және заңды тұлғалардың хаттарына, шағымдарына және өтініштеріне жауап береді;
өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен азаматтардың үйіне барып тексереді, тұрмыстық және материалдық жағдайды тексеру актісін жасайды;
бөлімше жұмысының жоспарын әзірлеуге қатысады;
мансап орталығына жүгінген адамдарды бастапқы қабылдауды жүргізеді, оларды автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорында тіркейді және белгіленген тәртіппен анықтамалар береді;
бөлімше жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
53. Мыналарды білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Әлеуметтік кодексін;
жұмыспен қамту саласындағы қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
азаматтық және еңбек заңнамасының негізгі ережелерін;
өңірдің демографиялық ахуалын, (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігін;
өңірдегі (қаладағы, аудандағы) ұйымдардың құрылымдық өзгерістерінің перспективаларын;
өңірлік еңбек нарығының негізгі үрдістерін және даму бағыттарын;
әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасын;
тұлға және азаматтардың жекелеген санаттары психологиясының ерекшеліктерін;
психология, педагогика, геронтология, этика негіздерін;
атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін;
әлеуметтік қызметтер көрсетудің отандық және халықаралық практикасын;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.
54. Біліктілігіне қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
тәлімгер: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (әлеуметтік, педагогикалық) және "кейс-менеджер" санатындағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымындағы жұмыспен қамту жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
кейс-менеджер: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (әлеуметтік, педагогикалық) және халықты жұмыспен қамту саласындағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымындағы жұмыс өтілі "мансап консультант" санаты кемінде 3 жыл;
мансап консультанты: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында халықты жұмыспен қамту саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
мансап консультанты: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және халықты жұмыспен қамту және (немесе) әлеуметтік қорғау жүйесіндегі біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.";
7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-параграф. Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының) маманы.";
49-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Лауазымдық міндеттері:";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Біліктілігіне қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
тәлімгер: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (әлеуметтік, педагогикалық) және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары деңгейдегі "кейс-менеджер" санатындағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
кейс-менеджер: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (әлеуметтік, педагогикалық) және халықты жұмыспен қамту саласындағы біліктілігі жоғары деңгейдегі "мансап консультант" санатындағы маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
мансап консультанты: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында халықты жұмыспен қамту саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
мансап консультанты: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және халықты жұмыспен қамту және (немесе) әлеуметтік қорғау жүйесіндегі біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, мамандық бойынша жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.";
8-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-параграф. Еңбек мобильділігі орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының) маманы.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Біліктілігіне қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
санаты жоқ: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.";
67, 68 және 69-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Лауазымдық міндеттері:
халықты, оның ішінде ауылдық елді мекендерге шыға отырып, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждық санатынан шығудың тәсілдері туралы ақпараттандырады;
атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін азаматтардың өтініштері мен құжаттарын қабылдайды, облыстық және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің уәкілетті органымен және әкімімен келісу арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген үміткерлермен әңгімелесу жүргізеді;
әлеуметтік келісімшартты іске асыру кезеңінде әңгімелесу, қажетті құжаттарды толтыруға жәрдемдесу, жұмыс іздеу, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау арқылы адамды (отбасын) сүйемелдеуді жүзеге асырады;
облыстық және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінген үміткерлерге халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді;
атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж контингентке түрлі көмек көрсетуге , сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға, мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларын әлеуметтендіруге және интеграциялауға, әлеуметтік қолдаудың қажетті шараларын алуда олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдеседі;
атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген өтініш берушілер істерінің қағаз макеттерінің уақтылы қалыптастырылуын және өтініш берушілердің материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін аталған істердің учаскелік комиссияларға берілуін қамтамасыз етеді;
учаскелік комиссиялардың құрамында атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген өтініш берушілердің материалдық жағдайын зерттеуге қатысады;
атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген өтініш берушілермен және олардың отбасыларымен бірлесе отырып, отбасыға көмектесудің жеке жоспарын әзірлейді;
мансап орталығына жүгінген өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтылған азаматтар қатарынан әртүрлі бейіндегі мамандардың деректер банкін қалыптастырады, бос орындарын іздеумен айналысады және өтініш білдірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
бос орындарын анықтау және жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілермен жұмыс жүргізеді;
өтініш берушіден қабылданған құжаттарды мансап орталығына уақтылы жібереді;
әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындаудың мониторингін жүзеге асырады, онда көзделген міндеттемелерді орындау туралы белгі қояды, отбасыға барады;
әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеу туралы есептің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнама, халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнама мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысады;
жеке және заңды тұлғалардың хаттарына, шағымдарына және өтініштеріне жауап береді;
бөлімше жұмысының жоспарын әзірлеуге қатысады;
бөлімше жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
68. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Әлеуметтік кодексті;
жұмыспен қамту саласындағы мәселелерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
азаматтық және еңбек заңнамасының негізгі ережелерін;
өңірдің (қаланың, ауданның) демографиялық жағдайын, әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін;
әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасын;
жеке тұлғаның және азаматтардың жекелеген санаттарының психологиялық ерекшеліктерін;
психология, педагогика, геронтология, этика негіздерін;
атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға көмектесудің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін;
әлеуметтік қызметтер көрсетудің отандық және халықаралық практикасын;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын білуге тиіс.
69. Біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ маман: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды және ресми жарияланғаннан кейін өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушілерге, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабардар етуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |