"Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы №422 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 271 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы №422 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларында:

      7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мансап орталықтарының құрылымдық бөлімшелерінің (бөлімдерінің, секторларының) мамандарына біліктілік санаттары үш жыл мерзімге беріледі.

      8. Аттестаттау:

      1) еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының ) жұмыскерлерін тестілеуді;

      2) біліктілік санатына өтініш берген кезде мансап орталықтары мамандарының кәсіптік қызметін бағалауды қамтиды.

      9. Еңбек мобильділігі орталығы Платформада осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы аттестаттауға арналған аттестатталушылардың тізімін қалыптастырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тестілеуге:

      1) Платформада оқытудың жеке жоспарында айқындалған сағат санында біліктілікті арттыру курстарынан өткен еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері;

      2) біліктілік санатына өтініш берген кезде мәлімделген біліктілік санатының бейіні бойынша Платформада біліктілікті арттыру курстарынан өткен мансап орталығының маманы жіберіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Тестілеу нәтижесі шекті деңгейге жеткенде оң деп саналады:

      1) алғашқы аттестаттау кезінде еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының ) жұмыскері үшін – 70%;

      2) біліктілік санатына өтініш берген кезде мансап орталығының маманы үшін – 70%;

      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы, директордың орынбасары, директор үшін – 85%;

      4) еңбек мобильділігі орталығының маманы, мансап орталығының ассистенті үшін – 70%.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері әрбір тапсырма (сұрақ) бойынша негізделген дәлелдемелерді (толық түсіндірмені) көрсете отырып, Платформа арқылы апелляцияға өтінішті екі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.";

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Тестілеу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 17-тармағында белгіленген шекті деңгейден төмен балл жинаған аттестатталушы:

      1) "санатсыз" біліктілік санаты бар мамандарды қоспағанда, біліктілік санатына өтініш берген кезде қолданыстағы біліктілік санатынан бір деңгейге төмен біліктілік санаты берілуге жатады;

      2) он екі айдан кешіктірмей қайта аттестаттауға жатады;

      3) біліктілік санатына өтініш берген кезде кәсіби қызметті бағалау кезеңіне жіберілмейді.

      28. Қайта аттестаттауға қатысатын және тестілеу нәтижелері бойынша белгіленген шекті деңгейден төмен балл жинаған аттестатталушы:

      1) "мансап консультанты", "кейс-менеджер", "тәлімгер" біліктілік санаты бар мамандарды қоспағанда, біліктілік санатына өтініш берген кезде не еңбек мобильділігі орталығына (мансап орталығына) алғаш рет қызметке кірген жұмыскерлер, мансап орталығының ассистенттері, еңбек мобильділігі орталықтарының мамандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, директорлардың орынбасарлары, директорлар атқаратын лауазымына сәйкестігін растаған кезде жұмыстан шығаруға жатады;

      2) "санатсыз" біліктілік санаты бар мамандарды қоспағанда, біліктілік санатына өтініш берген кезде қолданыстағы біліктілік санатынан бір деңгейге төмен біліктілік санаты берілуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-параграфпен толықтырылсын:

      "2-1-параграф. Мансап орталығы маманының кәсіби қызметін бағалау тәртібі

      28-1. Тестілеу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 17-тармағында белгіленген шекті деңгейді жинаған мансап орталығының маманы тестілеу кезеңі аяқталған күннен кейін 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес кәсіптік қызметті бағалаудан өтеді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Тестілеу нәтижелері бойынша Платформада мынадай шешімдердің бірі қалыптастырылады:

      1) алғашқы аттестаттау кезінде еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері бойынша:

      атқаратын лауазымына сәйкес келеді – 70 және одан жоғары балл;

      атқаратын лауазымына сәйкес келмейді – 69 және одан аз балл;

      2) біліктілік санатына өтініш берген кезде мансап орталығының маманы бойынша:

      мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді – 85 және одан жоғары балл;

      мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді – қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді – 70-тен 84 балға дейін;

      мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді – мәлімделген деңгейден төмен біліктілік санатына сәйкес келеді – 69 және одан төмен балл;

      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы, директордың орынбасары, директор бойынша:

      атқаратын лауазымына сәйкес келеді – 85 және одан жоғары балл;

      атқаратын лауазымына сәйкес келмейді – 84 және одан аз балл;

      4) еңбек мобильділігі орталығының маманы, мансап орталығының ассистенті бойынша:

      атқаратын лауазымына сәйкес келеді – 70 және одан жоғары балл;

      атқаратын лауазымына сәйкес келмейді – 69 және одан аз балл.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Біліктіліктің орта деңгейінен біліктіліктің жоғары деңгейіне өту кезінде мансап орталығы маманының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін "санатсыз", "мансап консультанты" біліктілік санаты сақталады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды және ресми жарияланғаннан кейін өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушілерге, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жақыпова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
  2025 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 271 бұйрығына қосымша
"Еңбек мобильділігі
орталықтары (мансап
орталықтары) жұмыскерлерінің
кәсіптік құзыреттілігін
аттестаттаудан өткізу
қағидаларына 1-2-қосымша
Нысан

Мансап орталығы маманының кәсіби қызметін бағалау критерийлері

Критерий

Көрсеткіштер*

Балдар

Сараптама комиссиясының балдары

1

Тестілеу

максималды деңгей – 100%

ең көп балл саны – 80

автоматты түрде қойылады

2

Мансап орталығының қызмет алушыларының бағалауы негізінде қалыптастырылған рейтинг

соңғы 12 айда 5-тен 4-тен жоғары

10 балл

автоматты түрде қойылады

соңғы 12 айдағы 5-тен 3,9-ға тең немесе одан төмен

0 балл

3

Қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйеде тіркелген бұзушылықтар мен қателер

соңғы 12 айда бұзушылықтардың болмауы

10 балл

автоматты түрде қойылады

соңғы 12 айда бұзушылықтардың болуы

0 балл

      * Көрсеткіштерге қол жеткізу аттестаттау арасындағы кезеңде ескеріледі.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 ноября 2024 года №422 "Об утверждении Правил проведения аттестации на профессиональную компетентность работников центров трудовой мобильности (карьерных центров)"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 12 сентября 2025 года № 271

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 ноября 2024 года № 422 "Об утверждении Правил проведения аттестации на профессиональную компетентность работников центров трудовой мобильности (карьерных центров)" следующие изменения и дополнения:

      в Правилах проведения аттестации на профессиональную компетентность работников центров трудовой мобильности (карьерных центров), утвержденных указанным приказом:

      пункты 7, 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "7. Квалификационные категории специалистам структурных подразделений (отделов, секторов) карьерных центров присваиваются сроком на три года.

      8. Аттестация включает:

      1) тестирование работников центров трудовой мобильности (карьерных центров);

      2) оценку профессиональной деятельности специалистов карьерных центров при заявлении на квалификационную категорию.

      9. Центр трудовой мобильности формирует на Платформе список аттестуемых на предстоящую аттестацию по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. К тестированию допускается:

      1) работник центра трудовой мобильности (карьерного центра), прошедший курсы повышения квалификации в количестве часов, определенных в индивидуальном плане обучения на Платформе;

      2) специалист карьерного центра, прошедший курсы повышения квалификации на Платформе по профилю заявленной квалификационной категории, при заявлении на квалификационную категорию.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Результат тестирования считается положительным при достижении пороговых уровней для:

      1) работника центра трудовой мобильности (карьерного центра) при первичной аттестации – 70%;

      2) специалиста карьерного центра при заявлении на квалификационную категорию – 70%;

      3) руководителя структурного подразделения, заместителя директора, директора – 85%;

      4) специалиста центра трудовой мобильности, ассистента карьерного центра – 70%.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. При несогласии с результатом тестирования работник центра трудовой мобильности (карьерного центра) подаҰт заявление на апелляцию через Платформу с мотивированным обоснованием (подробным пояснением) по каждому заданию (вопросу) не позднее двух рабочих дней.";

      пункты 27 и 28 изложить в следующей редакции:

      "27. Аттестуемый, набравший по результатам тестирования менее порогового уровня, установленного в пункте 17 настоящих Правил:

      1) подлежит присвоению квалификационной категории на один уровень ниже действующей квалификационной категории при заявлении на квалификационную категорию, за исключением специалистов, имеющих квалификационную категорию "без категории";

      2) подлежит повторной аттестации не позже, чем через двенадцать месяцев;

      3) не допускается к этапу оценки профессиональной деятельности при заявлении на квалификационную категорию.

      28. Аттестуемый, участвующий в повторной аттестации и набравший по результатам тестирования менее установленного порогового уровня:

      1) подлежит увольнению при заявлении на квалификационную категорию, за исключением специалистов, имеющих квалификационную категорию "карьерный консультант", "кейс-менеджер", "наставник", либо при подтверждении соответствия занимаемой должности работниками, впервые поступившими на службу в центр трудовой мобильности (карьерный центр), ассистентами карьерного центра, специалистами центров трудовой мобильности, руководителями структурных подразделений, заместителями директоров, директорами;

      2) подлежит присвоению квалификационной категории на один уровень ниже действующей квалификационной категории при заявлении на квалификационную категорию, за исключением специалистов, имеющих квалификационную категорию "без категории".";

      дополнить параграфом 2-1 следующего содержания:

      "Параграф 2-1. Порядок оценки профессиональной деятельности специалиста карьерного центра

      28-1. Специалист карьерного центра, набравший по результатам тестирования пороговый уровень, установленный в пункте 17 настоящих Правил, проходит оценку профессиональной деятельности согласно приложению 1-2 к настоящим Правилам в течение 2 (двух) календарных дней после дня завершения этапа тестирования.";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "По результатам тестирования на Платформе формируется одно из следующих решений:

      1) по работнику центра трудовой мобильности (карьерного центра) при первичной аттестации:

      соответствует занимаемой должности – 70 и более баллов;

      не соответствует занимаемой должности – 69 и менее баллов;

      2) по специалисту карьерного центра при заявлении на квалификационную категорию:

      соответствует заявленной квалификационной категории – 85 и более баллов;

      не соответствует заявленной квалификационной категории –соответствует действующей квалификационной категории – от 70 до 84 баллов;

      не соответствует заявленной квалификационной категории –соответствует квалификационной категории, ниже заявленной на один уровень – 69 и менее баллов;

      3) по руководителю структурного подразделения, заместителю директора, директору:

      соответствует занимаемой должности – 85 и более баллов;

      не соответствует занимаемой должности – 84 и менее баллов;

      4) по специалисту центра трудовой мобильности, ассистенту карьерного центра:

      соответствует занимаемой должности – 70 и более баллов;

      не соответствует занимаемой должности – 69 и менее баллов.";

      пункт 34 изложить в следующей редакции:

      "34. При переходе от среднего уровня квалификации к высшему уровню квалификации у специалиста карьерного центра сохраняется имеющая квалификационная категория "без категории", "карьерный консультант" до истечения ее срока действия.";

      дополнить приложением 1-2 согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту занятости населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и извещение услугодателей, осуществляющие прием заявлений и выдачу результатов оказания государственной услуги, в том числе Единый контакт-центр, о внесенных изменениях в порядок оказания государственных услуг, после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Жакупова

  Приложение к приказу
Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 12 сентября 2025 года № 271
  Приложение 1-2
к Правилам проведения
аттестации на
профессиональную
компетентность работников
центров трудовой мобильности
(карьерных центров)
  Форма

Критерии оценки профессиональной деятельности специалиста карьерного центра

Критерий

Показатели*

Баллы

Баллы экспертной комиссии

1

Тестирование

максимальный уровень – 100%

максимальное количество баллов – 80

проставляется автоматически

2

Рейтинг, сформированный на основании оценок получателей услуг карьерного центра

Выше 4 из 5 за последние 12 месяцев

10 баллов

проставляется автоматически

Равен или ниже 3,9 из 5 за последние 12 месяцев

0 баллов

3

Нарушения и ошибки, зафиксированные в информационной системе при оказании услуг

отсутствие нарушений за последние 12 месяцев

10 баллов

проставляется автоматически

наличие нарушений за последние 12 месяцев

0 баллов

      * Достижение показателей учитываются за период между аттестациями.