Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 167 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Жақыпова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Бұйрықпен бекітілген

Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібін белгілейді.

2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі

      2. Мемлекеттік тапсырманың құны тікелей, жанама және үстеме шығыстардың сомалары негізге алына отырып келесі формула бойынша айқындалады:

      Қ = ∑ТШ+ЖШ+ҮШ,

      мұнда:

      Қ – мемлекеттік тапсырманың құны;

      ТШ – тікелей шығыстар;

      ЖШ – жанама шығыстар;

      ҮШ – үстеме шығыстар.

      3. Мемлекеттік тапсырманың құнын есептеу кезінде штат кестесіне сәйкес лауазымдар бойынша мемлекеттік тапсырманы орындауға тікелей қатысатын барлық жұмыскерлердің жалақысы әрбір жұмыскер бойынша жеке көрсетіледі.

      4. Тікелей шығыстарға мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын жұмыскерлердің жалақысы жатады.

      5. Жанама шығыстарға іссапар шығындары жатады.

      6. Үстеме шығыстарға мыналар жатады:

      1) материалдар мен жабдықтарды сатып алу;

      2) көлік шығындары:

      3) үй-жайды жалға алу;

      4) жабдықтар мен техниканы жалға алу;

      5) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу;

      6) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу;

      8) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

      9) өзге де шығыстар (мемлекеттік тапсырманы жүргізу үшін тікелей қажетті ақпараттық қызметтер, коммуналдық қызметтер (электр энергиясы, жылыту, сумен жабдықтау және кәріз, қоқыс шығару), ғимаратты күтіп ұстауға және қызмет көрсетуге, байланыс және интернет қызметтеріне, банк қызметтеріне арналған шығыстар).

Об утверждении Правил определения стоимости государственного задания

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 167

      В соответствии с пунктом 4 статьи 16 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила определения стоимости государственного задания.

      2. Департаменту экономики и бюджетного планирования Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа на государственном и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр С. Жакупова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утвержден приказом

Правила определения стоимости государственного задания

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения стоимости государственного задания (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 16 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и устанавливают порядок определения стоимости государственного задания.

Глава 2. Порядок определения стоимости государственного задания

      2. Стоимость государственного задания определяется исходя из сумм прямых, косвенных и накладных расходов по следующей формуле:

      С = ∑ПР+КР+НР,

      где:

      С – стоимость государственного задания;

      ПР – прямые расходы;

      КР – косвенные расходы;

      НР – накладные расходы.

      3. При расчете стоимости государственного задания указывается заработная плата всех работников, непосредственно участвующих в выполнении государственного задания, по должностям в соответствии со штатным расписанием отдельно по каждому работнику.

      4. К прямым расходам относится заработная плата работников, осуществляющих государственное задание.

      5. К косвенным расходам относятся командировочные расходы.

      6. К накладным расходам относятся:

      1) приобретение материалов и оборудований;

      2) транспортные расходы;

      3) аренда помещения;

      4) аренда оборудования и техники;

      5) научно-организационное сопровождение;

      6) налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      7) обслуживание и ремонт основных средств и нематериальных активов;

      8) амортизация основных средств и нематериальных активов;

      9) прочие расходы (информационные услуги, необходимые непосредственно для проведения государственного задания, коммунальные услуги (электроэнергия, отопление, водоснабжение и канализация, вывоз мусора), расходы на содержание и обслуживание здания, услуги связи и интернет, банковские услуги).