Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария" туралы Заңы 10-1 бабының 7 тармақшасына , Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 199 ұсынысы негізінде, Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкпекті ауданы, Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің Черноярка ауылындағы "Диханшы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізу және ошақты жоюүшін еңгізілген ветеринарлық шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қойгелді Аухадиев ауылдық округ әкімінің 2024 жылғы 30 қазанындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы №1 шешімнің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Е.Кузембаев |